Шеберхана жөнделді

Аймақтар
11.11.2025, 09:17
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш жол дистанциясының механикалық шеберханасында шағын жөндеу жұмыстары атқарылады. Дистанциядағы қолдары епті мамандар жөндеу жүріп жатқан вокзалдан шыққан құрылыс материалдарын тиімді пайдаланып, шеберхананың іші-сыртын жаңартты.

Жол техникасын қарайтын, жөндейтін бұл шеберханада 56 адам жұмыс істейді. Мұндағы токарь, механик, ұста, шебер, жүргізуші, тағы басқа әр жұмысшының міндеті нақты бөлінген.  

Қандыағаш жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сәния Блимованың айтуынша, атшаптырым шеберхана іші мұнтаздай жаңарған. Қандыағаш вокзалынан шыққан ескі брусчаткалар шеберхана ауласына төселіп, әжептәуір әрлендіріп тұр. Шеберхананың сыртқы келбеті де көз тартарлықтай жаңартылған.  

– Бұл – осы жерде жұмыс істейтін өз мамандарымыздың еңбегі. Өздерінің күнделікті міндетінен тыс, бір ай бойы шеберхананы ретке келтіріп, жұмыс орындарын жаңа кейіпке енгізді. Көп шығын да шыққан жоқ, вокзалдан шыққан жарамды құрылыс материалдары пайдаға жарап, ғимараттың ажары кіріп, еңсесі көтерілді, – дейді Сәния Блимова.  

Ширек ғасырдан аса уақыт қызмет етіп тұрған шеберхана расымен айтарлықтай жаңарып-жаңғыртылған. Іші-сырты қайта сыланып, сатыларға кафель төселіп, қызметтік бөлмелерге косметикалық жөндеу жасалыпты. Қалауын тапса, қар жанар деген осы.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды