Таза Қазақстан: Ерікті жастардың елеулі еңбегі

Аймақтар
13.11.2025, 12:03
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жыл бойғы іс-шаралар қорытындыланды. Нәтиже көрсеткендей, осымен екінші жыл қатарынан қолға алынған игі істе теміржолшы жастар ұйымының еңбегі ерекше бағалануда.  

Семейлік жастар ұйымының белсенділері осыған дейін әлеуметтік салаға, соның ішінде қайырымдылық жұмыстарын жүргізуге басымдық беріп келген болатын. Ал биыл негізгі бағыт ретінде «Таза Қазақстан» акциясына күш салынды. Жастар ұйымы төрайымы, ұлттық компания бойынша өткен «100 жас есім» байқауының жеңімпазы Арайлым Қосанованың айтуынша, олар биылғы 5 сәуірден бастап акция аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруға белсене кіріскен. Қазан айының соңында жоспардың соңғы межесі орындалған.    

– Жалпы, ағымдағы жылы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда аға буын өкілдерімен бірге байтақ желі бойында, 79 станция және жол айрықтарындағы теміржолшылар, 2 вагон пайдалану депосы, 3 локомотив пайдалану депосы, тағы үш айналым депосы мамандарымен бірлесіп бес мыңға жуық жас көшеттер отырғызылды. Мәселен, ең соңғы қазан айындағы сенбілік шараларына 3 300 адам бір кісідей қатысты. Әлбетте, алдыңғы шепте жастар қауымы жүрді, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі кадр бөлімінің жетекшісі  Ботагөз Мүбәракова.

Айта кетерлігі, Арайлым Қосанова бастаған теміржолшы жастардан құралған еріктілер қауымы қаладағы көптеген тазалық акциясына атсалысты. Мәселен, осыдан біраз бұрын «Бүкілқазақстандық көшет отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағында қарағай көшеттерін егуге қатысты. Мақсат – Семей орманының өртенген бөліктерін қалпына келтіру және аймақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау. Орманшылар мен мемлекеттік қызметкелердің қатарында теміржолшы еріктілер де сауапты іске атсалысты.  

Алдағы уақытта Жастар ұйымының  2026 жылға арналған жаңа кешенді жоспары әзірленбек. Бөлімше басшылығы, салалық кәсіподақ пен Ардагерлер ұйымының ақыл қосуымен межелі іс-шаралар бекітіліп, қаңтар айынан бастап іске асырылатын болады. Жоспарда биылғы жылдағы тәрізді экологиялық жұмыстарға айрықша басымдық берілмек. Осылай, әлемнің тек екі елінде – Қазақстан мен Канадада ғана бар қылқан жапырақты жасыл орманды сақтау ісіне үлес қоса бермек. Көшет отырғызу ісі осыдан он жылдай уақыт бұрын бөлімше басшылығы бастамасымен басталып, жыл сайын жүзеге асырылып келеді. Соңғы екі жылда ерекше қарқын алды. Тағы бір жағымды жаңалық – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет өңірдегі 75 мыңнан астам ағашты толық түгендеуді қамтитын дендрологиялық жоспар әзірленуде. Оған жергілікті  теміржолшылар отырғызған жасыл өскіндер де кіретін болады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады