Ақтөбе өңірінде теміржол инфрақұрылымын жаңарту қалай жүріп жатыр

Аймақтар
13.01.2026, 09:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі өткен жылы аймақтағы жол сапасына баса назар аударды. Инфрақұрылымды жаңарту, жолдарды күрделі жөндеу, қауіпсіздікті арттыру бағытындағы шаралар жүйелі түрде іске асырылды.

Ақтөбе бөлімшесіне Шалқар, Бершүгір, Қандыағаш, Никельтау, Ақтөбе, Орал сынды алты жол дистанциясы қарайды. Сонымен қатар 4 белгі беру дистанциясы, 2 электрмен жабдықтау дистанциясы бар. Өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздарының жұмысы да осы жерден ұйымдастырылып, үйлестіріледі.  

Жалпы ұзындығы 2500 шақырымнан асатын бөлімшеге қарасты жол жағдайы қанағаттанарлық, жоспардағы 60 балдық жүйе 51 балдық деңгейге жеткізілген. Бөлімшеде соңғы жылдары жол күтімі мен пайдалану сапасы айтарлықтай жақсарған.  

2025 жылы бөлімшеде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 72,552 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде Никельтау жол дистанциясы – 21,1 шақырым, Ақтөбе жол дистанциясы – 21 шақырым, Қандыағаш жол дистанциясы – 19 шақырым, Шалқар жол дистанциясында 11,4 шақырым жол толық жаңартылды.

– Жоспарлы күрделі жөндеу мен бұрмалар ауыстырылып, мал қоршаулары салынды, құммен күрес жүргізілді. Сонымен қатар байланыс және электр желілері жаңартылып жатыр. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіздікті сақтау бағытында да нақты шаралар бар. Мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жоспарлы техникалық сабақтар тұрақты жүргізілуде. Сабақтарда қысқаметражды видеороликтер мен ситуациялық схемалар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндіріледі, – деді бөлімше директорының пайдалану жөніндегі бірінші орынбасары Темірғали Куштаев.  

Бөлімше бастығы орынбасарының айтуынша, 2026 жылы 57 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары Орал, Никельтау, Қандыағаш және Бершүгір жол дистанцияларында жалғасады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды