Ақтөбеде пойыздар жылдамдығы артты

Аймақтар
16.01.2026, 08:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі өткен жылы жол табанын айтарлықтай сауықтырды. Нәтижесінде аймақ жолдарында пойыздар жылдамдығын арттыруға қол жеткізілді.

Соның ішінде тальго вагонды жүрдек жолаушы пойыздары 55,8 шақырымда, жай жолаушылар пойыздары 55,8 шақырымда, контейнер пойыздарда 53,8 шақырымда, жүк пойыздарында 50,3 шақырымда жылдамдықтары артты.  

Әйтсе де, жолға шығып кететін қараусыз малдан төнетін қауіп-қатер азаймай отыр. Биыл бөлімше аумағында теміржолшылар өз күшімен 142 шақырым жол бойына қоршау орнатты. 1610 шақырым бұрын жасалған қоршауға жөндеу жүргізілді. Теміржолшыларды қынжылтатыны, жергілікті тұрғындар тарапынан немесе қараусыз қара малдың қоршауды бүлдіріп кететін оқиғалар да жетеді. 

– Қазір елдің жағдайы жақсарды. Мал ұстайтындар көбейді. Сондықтан әсіресе бақташысыз, қараусыз жүретін мал көп. Бұл темір жолға үлкен мәселе болып тұр. Жолға жақын елдімекендерге, шаруа қожалықтарына барып, түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргіземіз. Пойыздың жолдан шығып кету қаупі болатынын, оқыс тежеу, пойыздар кідірісі қандай зиян әкелетінінін, шығын болатынын түсіндіреміз. Бірақ адамдардың немқұрайлығында шек жоқ, елең қылмайтындар көп, – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Темірғали Куштаев.  

Бүгінде ақтөбелік теміржолшылар барлық күшті жолды қардан тазалап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсауда. Бөлімше қарамағында 56 арнайы қар тазалау техникасы бар. Әр техникаға нақты міндет жүктеліп, жұмыс істейтін аумағы бекітілген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды