Қимас сезім, зор құрмет: Ардагер теміржолшылар демалысқа шықты

Аймақтар
22.01.2026, 14:50
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей станциясының ұжымы жуырда станцияда қырық жылдан аса еңбек еткен тағы бірнеше әріптестерін қимас сезіммен әрі зор сән-салтанатпен құрметті демалысқа шығарып салды.

Семей станциясы десек, еңбекті қорғау инженері Гүлмира Масанова, сигнал беруші Мұхтархан Қасенов және сұрыптау дөңесі кезекшісінің операторы Мұхтар Рысақовтарсыз бүкіл ұжымды көз алдыңа елестету мүмкін емес. Өйткені бұл үздік үштік – ұзақ жылдар бойы көш бастаған майталмандар. Сондықтан да болар, оларды  зейнет жасына шығарып салу салтанатына станцияның байырғы және бүгінгі қызметкерлері тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды.  

Жылы естеліктер айтылған әсерлі кеш барысында құрмет иелеріне қазақы дәстүрмен шапан жабылды. Бөлімше басшылығы тарапынан Алғыс хат табыс етіліп, лайықты сый-сияпаттар жасалды.  Ұзақ жылдар бойы бір отбасындай болып кеткен ұжымымен қоштасу кімге де болсын оңайға түспесі анық. Басқосу барысында сөз алған Гүлмира Кенжеханқызы өткен күндерден сыр төгілтті. Құрметті теміржолшы Мұхтар  Алтайұлы да барша ұжым мүшелеріне ақжарма алғысын жеткізді. Сонымен қатар бүгінгі Семей теміржолын сенімді қолға қалдырып бара жатқандарына қуанышты екендіктерін де жеткізіп өтті.  

– Станцияның бетке ұстарлары, үздіктер көшіндегі үш бірдей маманды құрметті демалысқа шығарып салу бізге де оңайға тимей жатыр. Ақылшы аға буын өкілдерінің қамқорлығын көп көрдік. Үйренгеніміз көп болды, – дейді Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов.  

Береке-бірлігі жарасқан кәсіподақ ұйымының төрайымы Шәрбат Мейірманова ұйымдастырған салтанатты іс-шараның соңы ретро би кешіне ұласып, көпшілікке мерекелік көңіл күй мен серпіліс сыйлады.  

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі