Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі

Аймақтар
23.01.2026, 08:41
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде «Азаматтық қорғаныстың оң имиджін қалыптастыру және арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бас инженер Дүйсенбек Сыдықов модераторлық еткен жиынға жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелерінің бас инженерлері, азаматтық қорғаныс саласының жауапты мамандары қатысты.

Азаматтық қорғаныс мәселесі маусымдық жұмыс емес. Бақылауды босаңсытпай, күнделікті қадағалауды қажет етеді. Сондықтан ұлттық компанияның қос филиалының басшылары осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуін назарда ұстап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралардың қызметін үйлестіріп отырады. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар ең алдымен сала мамандарының орнықты қызметін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өткен Дүйсенбек Тұрсынбайұлы: «Азаматтық қорғаныс іс-шаралары алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақыттағы және төтенше жағдайларға қарай екіге бөлінеді. Бұған мекеме басшылары тікелей жауапты», – деп түсіндірді жалпы жұмыс жүйесін.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Дастан Садықов төтенше жағдайлар кезінде теміржолшыға жүктелер жауапкершілік жоғары екеніне тоқталды.

– Әрбір теміржолшы, әрбір маман төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар алгоритмін білуі тиіс. Кейбір апаттар кезінде темір жол құтқару қызметін атқарады. Ал салалық құрылымдар мамандары құтқарушы ретінде жұмылдырылады. Бұдан бөлек мекемелер ішіндегі қызметкерлер қорғану тәсілдерін меңгерумен қатар, эвакуациялық іс-шараларды жүргізуге дайын болуы керек. Дайындықтың мұндай деңгейі тосын факторларды азайтып, болдырмауы мүмкін, – дейді Дастан Ербайұлы.  

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және жоспарлауда командалық әрекеттер тиімді саналатыны белгілі. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі филиалының азаматтық қорғаныс жөніндегі жетекші инженері Қайрат Ахаев өз баяндамасында бұл тәсіл басшылар мен мамандарға бірлескен жоспарды кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне тоқталды. Оқу-жаттығулар кезінде топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырудың апат туындаған жағдайды жоспар бойынша әрекет етуге тигізер пайдасы көп екенін атап өтті.  

– Төтенше жағдай туындағанда нақты жағдайға сай, уақыт факторының ерекше маңыздылығына байланысты құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге қатысатын барлық адамдардың іс-әрекеттерін нақты үйлестіру қажет болатыны түсінікті. Ал мұндай деңгейдегі дайындыққа оқу-жаттығулар өткізу арқылы қол жеткізе аламыз. Бұл іс-шаралардың барлығы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы №494 бұйрығының негізінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар желісі бойынша жүргізіледі. Біз жыл сайын кәсіпорындарда, станцияларда осындай дайындық іс-шараларын өткізіп тұрамыз. Азаматтық қорғаныстың ұйымдастыру, инженерлік-техникалық іс-шараларды уақытылы орындауы төтенше жағдайлар кезінде құрылымдық бөлімшелер мен станциялардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және зақым келтіруі мүмкін факторлардың әсерін азайтуы мүмкін, – деді Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша І санатты инженері Аман Беспаев.  

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір жоспарлы жұмыс жүйелі жүргізілуі қажет. Мамандар азаматтық қорғаныстың оң имиджін қалыптастыру – теміржол саласының үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуінің басты шарты екенін алға тартты. Сол себепті өңірлік бөлімшелер жауапты қызметкерлерді азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталықтарына жіберіп, біліктілікті арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз етіп отырады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды