Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді

Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026, 09:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде теміржол желісінің электрмен жабдықтау жүйесі жаңартылып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі артты. Электромонтерлердің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында дистанция паркі қарда жүретін бірнеше техникамен толықты.

Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Сәкен Орынбаевтың айтуынша, өткен жылы нысандардағы жарықтандыру желісі жаңартылып, электрмен қамту жүйесі жетілдірілді. Бұған қоса дистанция жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ҚТЖ-ға қатысы жоқ, жеке тұлғалардың иесіз желілерін коммуналдық меншікке өткізу жұмысын атқарды. Нәтижесінде 387 нысан жергілікті органдар балансына берілді. Бұл қадам теміржолшылар жүктемесін азайтып, негізгі мақсат – теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тұрақты электрмен жабдықтауға басымдық беруге жол ашты.  

Дистанция бастығының айтуынша, өткен жылы бұдан басқа да бірқатар іргелі істер атқарылған. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру желісі жаңартылып, трансформаторларға уақытылы қызмет көрсетіліп отыр. 10 кВ автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау жоғары кернеулі әуе желілері күнделікті бақылауда.  

– Өткен жылы Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының электр желілеріне теміржолшыларға арналған 8 жаңа тұрғын модульдік ғимарат қосылды. Осы ғимараттарды электрмен жабдықтау мақсатында Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы тарапынан 4 жаңа жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция орнатылып, сондай-ақ 4 дана күштік трансформатор қуаты жоғары жаңа күштік трансформаторларға ауыстырылды, – деді Сәкен Орынбаев.

Сонымен қатар 2025 жылы Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясына көптен күткен 3 бірдей қарда жүретін техника жеткізілді. Бұл техника қыс мезгілінде қатты аяз, желі күшті әрі қолжетімділігі күрделі аумақтардағы учаскелерге қызмет көрсету үшін аса қажет. Оның бірін электромонтер Қанат Нысантаев пайдаланып жүр. Ол Жазық пен Сарысай станциялары аралығындағы учаскеге жауапты.

– Жұмысымыздың басым бөлігі далада өтетіндіктен осындай қыс мезгілінде қарда жүретін әмбебеп техниканың қажеттілігі орасан еді. Көлік жүре алмайтын жерлерге де еркін барамыз. Бұрын автокөлікпен немесе пойызбен аялдамаға дейін барып, жаяу түсетінбіз. Қазір учаскеге өзіміз тікелей тез жетеміз, – дейді ол.  

Қазіргі уақытта қарда жүретін техниканың көмегімен Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлері қызмет көрсетілетін учаскелерді тексеру жұмыстарын, сондай-ақ әуе электр беру желілеріндегі сымдарда пайда болған мұз қатпарларын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды