Семейде қауіпсіздік айлығы басталды

Аймақтар
13.02.2026, 08:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысы бойынша ақпанның 2-нен наурыздың 2-не дейін созылатын «Назар аударыңыз, жолда адам» атты қауіпсіздік айлығы аясында мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау бойынша жұмыстар қолға алынды.

Профилактикалық іс-шараларды Семей филиалының техникалық кітапхана қызметкерлері бастады. Мекемелер бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді қолға алған кітапхана қызметкерлері алдымен Семей локомотив пайдалану депосына ат басын тіреді. 500-ден астам адам еңбек ететін мекемедегі басқосуға машинистер мен машинистер көмекшілері көп жиналды. Бөлімшенің ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама бөлімінің директоры Баршагүл Омарова сөз алып, айлықтың жай-жапсары мен маңыздылығына тоқталып өтті.  

Жиында теміржол бойындағы жиі тіркелетін қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері талқыланып, технологиялық және орындаушылық тәртіптің бұзылуының алдын алу мәселелері кеңінен сарапқа түсті. Сонымен қатар локомотив бригадаларының жауапкершілігін арттыру бойынша арнайы нұсқаулықтар жайлы да сөз болды.  

– Ешбір өндірістік тапсырма адам өмірі мен денсаулығынан жоғары бола алмайды. Бұл ретте темір жолдағы қауіпсіздік мәселелері бойынша формальды көзқарасқа жол берілмейді. Техникалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған іс-шара барысында осындай көптеген жайттар сөз болып, кейбір өзекті мәселелерді өзара сарапқа салдық, – дейді ТЧЭ24 мекемесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дүйсенбаев.  

Сонымен қатар «Маман күні» іс-шарасына орай теміржол көлігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты аса маңызды ақпараттарды қамтитын мерзімдік басылымдар мен әдебиеттерден тұратын арнайы көрме де назарға ұсынылды.  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі