Ақтөбелік теміржолшылар жылды табысты бастады

Аймақтар
17.02.2026, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақтөбе» филиалы 2026 жылды негізгі пайдалану көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижемен бастады. Қаңтар қорытындысы бойынша вагон мен локомотив өнімділігі жүз пайыздан асыра орындалды.

Филиалдың техникалық бөлім бастығының орынбасары Әлия Абдуллинаның хабарлауынша, қаңтарда негізгі пайдалану көрсеткіштері жоспардан жоғары деңгейде орындалып, өндірістік үдерістердің тиімділігі артқан.  

– Қаңтар айында жұмыс вагонының айналымы жоспарға шаққанда 106,9%-ды құрап, жергілікті вагон айналымы 104,0% деңгейінде орындалды. Бірінші техникалық станциядағы тұрып қалу көрсеткіші 118%-ға жетіп, жоспардан айтарлықтай жоғары болды. Бос вагондардың жүк тиелген вагондарға қатынасы 103,7% деңгейінде қалыптасты. Вагонның орташа тәуліктік өнімділігі 110,3%, ал оның тәуліктік жүрісі 111,3% орындалды, – деді Ә. Абдуллина.  

Сонымен қатар локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі, учаскелік жылдамдық, техникалық жылдамдық және локомотив өнімділігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Жүктің орташа тәуліктік тиеу көрсеткіші де жоспардан асып, өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Ал Орал өңірінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып, жоспардан айтарлықтай өскені байқалады.  

Филиал өткен жылда да барлық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізді. Жүк айналымы 4,4%-ға артты. Жоспарланған 27 352 млн ткм орнына нақты 28 552,1 млн ткм орындалды. Бұл негізгі қор қалыптастыратын табысты көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етті.  

Қазір өңірде Қандыағаш – Никельтау – Әйтеке би учаскесінде автоблокировка жүйесі мен жеті жаңа разъездің құрылысы басталды. Бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге жуық арттырады. Сондай-ақ Никельтау станциясында айналма жол салу жоспарланып, пойыз қозғалысы жылдамдап, вагондардың тұрып қалуы азаяды. Жобаны биылғы жылы аяқтау көзделген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды