Біздің ұжымдық блогер

Аймақтар
06.03.2026, 09:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе филиалының тауар кассирі Айнұр Жұмашева небәрі 26 жаста, дегенмен теміржол саласында жеті жылдан бері табанды еңбектеніп келеді. Ол миллиондаған қаржының есебін жүргізетін тауар кассирі ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі теміржолшы.

Айнұрдың теміржолға келуі кездейсоқ емес. Анасы теміржолшы. Алғашында оператор болып қабылданып, тәжірибе жинақтады. Соңғы төрт жылдан бері тауар кассирі ретінде миллиондаған қаржының есебін жүргізіп, құжаттардың дұрыстығын қадағалап келеді. Жауапкершілік пен дәлдікті талап ететін бұл қызметте ол өзін тәртіпті, ұқыпты әрі сенімді маман ретінде көрсетіп жүр.  

Айнұр еңбек ете жүріп, қоғамдық және мәдени өмірден де шет қалған емес. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастыратын форумдар мен корпоративтік байқауларға тұрақты қатысады. 2020 жылы компанияның ұжымдық блогері атанды. Жастар форумдарында белсенділігімен көзге түсіп, байқауларда жүлделі орындарға ие болды.  

Бала күнінен сахнаға жақын болып өскен қыз бүгінде Ақтөбе қаласындағы мәдени іс-шаралардың жүргізушісі ретінде танылып жүр. Теміржолшылар мерекесінде Астана Опера сахнасында ән шырқады. Халықаралық мәдени шараларға да қатысып, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы жобаларда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде өткен байқауларда өнер көрсетті.  

Сонымен қатар Айнұр – әлеуметтік желілерде теміржол саласының ерекшелігі мен маңызын кеңінен насихаттап жүрген салалық блогер. Пандемия кезінде де пойыз қозғалысын тоқтатпаған теміржолшылар ерлігін, темір жолдың стратегиялық маңызын жиі айтады. Студенттер мен жас мамандарға компаниядағы мүмкіндіктер туралы түсіндіріп, форумдар мен байқауларға қатысуға шақырады.  

«Белсенді болу керек. Идея ұсыну керек. Компания жастарды әрдайым қолдайды», – дейді ол. Жас маман – заманауи теміржолшының жарқын бейнесі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды