Семейлік теміржолшылар Бейбітшілік аралын көгалдандыруға үлес қосты

Аймақтар
23.04.2026, 13:22
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тек сенбілік өткізуді ғана емес, сонымен қатар аймақты жасылдандыруды да мықтап қолға алды. Биылғы жылғы осы бағыттағы іс-шаралар жуырда салтанатты түрде бастау алды.

Абай еліне арнайы сапармен келген «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Семей қаласында экологиялық шара өткізіп, Ертіс ортасындағы әсем Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағына ағаш көшеттерін екті.  

Облыс басшылығы мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысқан игілікті шараға семейлік теміржолшы жастар да үлес қосты. Бұл күні Семей ЖТ филиалының  Жастар ұйымы төрайымы, «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының жеңімпазы Арайлым Қосанова бастаған жас буын өкілдері аралға ертемен келіп, алғы шептен табылды.    

Жалпы, осы шара барысында мыңнан астам көшет отырғызылды. Егілген көшеттердің қатарында айналаға сән берер емен, терек, шырғанақ, жөке, шәңгіш, кәдімгі шырша, үйеңкі, долана, қарағаш өскіндері бар. Бұл күні жалпы 9 түрлі тал мен әсемдік бұталар егілді.

– Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында биыл «Самұрық-Қазына» тобына қарасты компаниялар 5 млн түптен астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Біз үшін бұл жай ғана акция емес, жасыл желекті Семей орманын сақтап, көбейту жолындағы маңызды қадам. «Таза Қазақстан» акциясы біз үшін сонысымен де құнды. Жалпы, жасылдандыру жастар ісі дер едім, жұмыстың дені әлі алда. Мәселен, республикалық «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолдауымен денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, компания атынан тарту етілмек. Аумағы 3308 ш.м. болатын, құрылысы биыл басталып, 2028 жылы аяқталатын заманауи нысанның маңайын жасыл желекпен көмкеруге теміржолшы жастар қазірден білек сыбанып отыр, – дейді бұл ретте Арайлым.  

Тоқтала кетсек, соңғы екі жылда қор компаниялары 5,8 млн түп ағаш отырғызған екен. Соның ішінде бір ғана Семей теміржолы бойынша өткен 10 жылдың көлемінде 1 млн түпке жуық тал көшеттері отырғызылыпты.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады