Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды

Аймақтар
22.05.2026, 08:18
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, теміржолшы Төлепов Нұрғали Санақайұлының құрметіне өзі еңбек еткен Маңғыстау локомотив депосы ғимаратында ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне теміржолшылармен қатар тыл ардагерінің ұрпақтары, ардагерлер, жергілікті билік өкілдері қатысты. Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Үсен Имашов, ардагермен бірге еңбек еткен зейнеттегі теміржолшылар, ұрпақтары сөз алып, естеліктер айтты.  

Нұрғали Төлепов 1927 жылы Маңғыстаудың Жетібай ауылында дүниеге келіп, 1930 жылдары ашаршылық кезінде отбасымен түркімен жеріне қоныс аударған. Әлі буыны бекімеген Нұрғали жас болса да 1941 жылы 14 жасында Казанджик локомотив депосына паровозға от жағушы болып жұмысқа алынған. 1941-1945 жылдары бронь арқылы сол депода жұмысын жалғастырған.  

Мақат – Ақтау аралығында теміржол салынып, пайдалануға берілгеннен кейін 1966 жылы Маңғыстау станциясында локомотив депосы ашылып, жан-жақтан мамандар жинақтала бастайды. Сол кезде Нұрғали атамыз да шақыртумен тепловоз машинисі жұмысына ауысады. Осылайша үш ұл, төрт қызымен тарихи Отанына оралып, Маңғыстаудағы болашақ теміржолшылар әулетінің негізін қалайды.  

1967-1978 жыл аралығында депода жолаушылар тасымалында, маневрлік қозғалысында тепловоз машинисі болып еңбек еткен. Өмірінің соңғы сәтіне дейін осы кәсібіне адал болып, 1978 жылы 51 жасында өмірден өткен. Қазір ата жолын ұрпақтары жалғап жүр. Ұлдары Наурыз бен Өтепберген Төлеповтер түбек теміржолынан зейнетке шыққан. Бүгінде бұл салада немерелері тер төгіп жүр.

Бахтияр Төлепов – Маңғыстау жол бөлімшесінде локомотив шаруашылығы бойынша бас инспектор сараптамашысы, жұбайы Майра – Маңғыстау теміржол вокзалында хабарламашы.  

Немере қызы – Ақмарал Маңғыстау локомотив депосында маршрутты өңдеу операторы, Марат және Ербол Төлеповтер – осы депода тепловоз машинисі. Мадияр мен Азамат есімді немерелері машинист көмекшілері болса, жиені Дәурен Құбайдұлла – тепловоз машинисі.  

– Нұрғали Төлепов локомотив шаруашылығына бала кезінде келіп, соғыс жылдарында тынбай еңбек етті. Осы еңбектері үшін Кеңес Одағының Жоғарғы кеңесі төрағасы атынан «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Министрлер Советінің қаулысы бойынша «Бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы» аса көрнекті табыстары үшін Қазақ Советтік Социалистік Республикасының «Алтын Құрмет» кітабына аты жазылды. Теміржолшы ұрпақтары да аталарының атына кір келтірмей, абыроймен өз міндеттерін атқарып жүр. Депоның болашағы үшін осыншама ұрпақты тәрбиелеп берген ардагеріміздің есімін ұлықтап, естелік тақтайша орнату біз үшін де мәртебе, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ ұйымы төрағасы Әбілсейт Набиханов.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды