Маңғыстаулық мерейлі отбасы

Аймақтар
01.09.2026, 09:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауында түбекке танымал теміржолшылар отбасы жеңімпаз атанды. Мұнайлы ауданы атынан қатысып, 54 отбасының ішінен іріктеліп шыққан Әміровтер облыстық байқауда екінші дәрежелі диплом және 700 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Әміровтер жанұясының отағасы Табылды Әмірұлы – Маңғыстау теміржолына зор еңбегі сіңген зейнеттегі Құрметті теміржолшы. Ерен еңбегі үшін ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Сенатының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының марапатын алған, «Құрмет» ордені мен «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері. Мұнайлы, Исатай аудандарының Құрметті азаматы, Алматы теміржол академиясының Құрметті профессоры атанған теміржолшы.

  

Отанасы Шәмшия Елмишева да теміржол зейнеткері, көп балалы ана. Қызмет бабымен станцияларға қоныс аударып жүріп еңбек еткен жолдасына қашанда сенімді серік болып, балаларын ұлттық тәрбиемен өсіріп, отбасының бірлігін сақтай білген асыл жар. Осындай ата-анадан тәлім-тәрбие алып өскен перзенттерінің бәрі де жоғары білімді, ортасына сыйлы. Жұмыста өзіндік орны мен беделі бар. Өмірде айрандай ұйыған бір-бір шаңырақтың иесі.  

Әміровтер жанұясынан барлығы дерлік теміржолшы. Үлкен қызы Арайлым Әмірова Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің экономика бөлімінің басшысы, оның жолдасы Қарақат Жақанов Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің бастығы. Екінші қызы Маралдым Әмірова Маңғыстау станциясында дөңес кезекшісі, күйеу баласы Сейтжан Үсен Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясының аға электромеханигі. Ұлы Сәкен Әміров Ақтау теңіз портында логистика маманы. Кенжесі Жадыра Әмірова мен күйеу баласы Айбек Бимағамбетов – қызылордалық теміржолшылар.  

Әрине бұл отбасының өмір жолы теп-тегіс бола қойған жоқ. Жұрт қатарлы түрлі қиындық пен сынақтардан өтті. Табылды Әмірұлы мен Шәмшия Мұстажапқызы: «Біздің мұратымыз тәрбиелі ұрпақ өсіріп, халықтың алғысын алу болды. Сол үшін перзенттерімізге ата-баба дәстүрін, үлкенді құрметтеу, адал еңбек пен елге қызмет ету сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге тырыстық», – дейді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды