Жыл машинисі анықталды

Аймақтар
22.11.2018, 06:56
Оқуға 3 мин

Қызылорда локомотив пайдалану депосында Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы Оразбай Әбішев атындағы «Жыл машинисі» республикалық байқауы өтіп, биылғы жылдың ең үздік, білімді, кәсіби білікті машинисін анықтады. Байқау «ҚТЖ-ЖТ» АҚ мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ-нің демеушілігімен және ұйымдастырылуымен биыл үшінші рет өткізіліп отыр.  

Оған республиканың 30 депосынан 30 үміткер қатысты. Конкурстың алғашқы этаптары үміткерлердің өз жұмыс орындарында, жергілікті деполарда өтіп, үздіктер осы республикалық сайысқа жолдама алған.

Байқауға «ҚТЖ-ЖТ» АҚ Жылжымалы құрамдарды пайдалану департаментінің 1-дәрежелі бас менеджері Болат Ибадуллаев, осы департаменттің менеджері әрі конкурс кураторы Айдос Ибраев, Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Ізбасхан Сүйінов, «Қазкөліккәсіп» филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Ахметов пен Қызылорда ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы қазылық жасап, үміткерлерге әділ бағасын беруге тырысты. 15 қараша күні таңертеңгі сағат 10.00-де Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында басталған сайыс жұма күні мәреге жетті. Екі күнге созылған машинистер додасына қатысушылардың білімі мен тәжірибесін саралау үшін арнайы дайындалған тест сұрақтары үлестіріліп, белгіленген уақыттан кейін үміткерлер жауабы сарапқа салынды.

Алты группаға бөлініп сынаққа кірген конкурс қатысушылары әр топқа жауап беру үшін белгіленген уақыт ішінде өз жауаптарымен қазылардың сынынан екі тур бойынша өтті, жауаптарын сай балдық бағасын алды.

– Биылғы конкурсқа қатысушы машинистердің теориялық білімі, кәсіби білігі жоғары екені бірден байқалды, себебі финалдық турға қатысушылардың ішінен тең жартысынан астамы, яғни 17 машинистің өтуі осы сөзімізге дәлел бола алады. Өз кәсібін жан-жақты меңгеруге ұмтылған, ізденісі мол машинистер жеңіске жетті. Биылғы жарыстың жеңімпаздарына орталық аппараттан арнайы қаржылай сыйақы беріледі. Тек жеңімпаздарды ғана емес, сайысқа қатысушы барлық машинистерді құттықтаймын, – деді «ҚТЖ-ЖТ» АҚ жылжымалы құрамдарды пайдалану департаментінің 1-дәрежелі бас менеджері Болат Ибадуллаев.

Жарыс болған соң оның жеңімпазы болады, оған лайық сый-құрмет те болады. Сонымен жүлделі 3-орын мен арнайы төсбелгі, 50 мың теңге бағалы сыйлықты Бурабайдан келген Алексей Скорик иеленді. Ал 100 мың теңге, диплом және төсбелгімен қоса 2-орынды қостанайлық электровоз машинисі Сергей Болбат алса, осындай сый-сияпаттармен қоса 150 мыңдық сыйақыны қарағандылық электровоз машинисі Антон Старчук қанжығаға байлады.

Республикалық бәсекеге Қызылорда локомотив пайдалану депосынан тепловоз машинисі Нұрбек Жүсіпұлы мен Қазалы айналым депосынан машинист Жарбек Күлекенов қатысты. Білімі мен біліктілігін серік еткен сыр бойылық тепловоз машинистерінің бұл салада еңбек тәжірибесі мол, депо басшылығы екеуіне үлкен үміт артып додаға қосқан болатын. Алайда сәттілік жетпесе керек, біздің машинистер мәреге алғашқы ондықтың қатарына іліне білді.

Республикалық дәрежеде ұйымдастырылып, машинистер арасында өткізіліп жатқан дәстүрлі конкурстың шын мәнінде берері, пайдасы мол шара екені белгілі. Жан-жақтан келген машинистер де өзара тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдауда мұндай сайыстардың қажеттігін жоққа шығармайды.

– Мұның алдында Павлодар қаласында өткен конкурсқа қатыстым, бірақ ол жерде ұйымдастырылу жағынан олқылықтар болғанмен, тепловозға қатысты сұрақтар бөлек, электровозға қатысты сұрақтар бөлек болды. Бұл жарыста қатысушылардың бәріне ортақ сұрақтар берілген. Екі турдың сұрақтары машинистердің жұмысына лайықталып әзірленгенмен, электровоз машинистерінің олжалы болғаны өкінішті, – деп пікір білдірді Жемнен келген машинист Аслан мен семейлік машинист Нариман.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Суретті түсірген Өмірбай Түменбай


Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды