Қауіпсіздік – құрылғылар күтіміне де тәуелді

Аймақтар
11.12.2018, 11:27
Оқуға 3 мин

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің Жосалы мен Түркістан станциялары аралығындағы төрт жүз шақырымнан асатын телім бойында жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын байланыс құрылғыларының кідіріссіз жұмысымен қамтамасыз етіп келеді. 

 Дистанция телімдерінде радиобайланысқа жарамды түрлі санаттағы құрылғылар, радиостанциялар мен релелік станциялар қолданылып келсе, соңғы уақытта заманауи ІР телефонның өндіріске енгізілуі дистанцияның өндірістік жұмысын едәуір жеңілдетті деуге болады. Дегенмен қолданыстағы технологиялар қаншалықты заманауи болғанымен, оны басқару, бақылап тексеру, оларға технологиялық күтім жасау дистанциялықтар үлесінде болып отыр. Олар өткен қараша айында КТСМ құрылғысымен 16982 пойызды бақылаудан өткізсе, 11 айда 191073 жылжымалы құрамды тексерген екен.

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова ұсынған мәліметтерге сүйенсек, өткен он бір ай ішінде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде дистанция теміржолшылары тарапынан ақаудың орын алуына жол берілмеген. Алайда байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы секілді кемшіліктер ішінара болса да тіркелген. Аталған кемшіліктерге телім бойында жұмыс жасайтын еншілес мекемелердің де қатысы бар екені анықталған. Мәселен, осы кезеңде Қызылорда жол және электрмен жабдықтау дистанцияларына сәйкесінше 4 және 1 мәрте СОБ құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы тіркелсе, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы еншісіне 10 мәрте СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысынан жаңылуы тіркеліп отыр. 

– Біздің дистанция теміржолшылары сегіз айда қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей, солардың көмегімен 191073 жылжымалы құрамды бақылаудан өткізіп, 27 пойызды тоқтатқан және олардың кінәраты 100 пайыз анықталған. Тоқтатылған пойыздардың ішінде 11 пойыз тежегіштің ақауынан, 12 пойыз букстың қызуынан, 4 пойыз локомотивтің қызуынан кінәратты болған, – дейді техбөлім басшысы Ақшагүл Күрбенова.

Дистанция СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасаумен қатар, құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауын үздіксіз қадағалауда. Алайда кішігірім технологиялық кемшіліктер байланыс құрылғылары кінәратының орын алуына соқтыратын да кездер кездесуде. Мәселен, аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдардың жүйесін тексеретін УКСПС, жүк вагондарының көлемін бақылайтын КГУ құрылғыларында жұмыстан тыс қалу орын алмағанмен, қазан айының 10-жұлдызында кешкі сағат 18-ден 18 минут өткенде №34 пойыз Тереңөзек станциясына жақындаған кезде станция кезекшісінің таблосында КГУ лампочкасынан қызыл жарық жанып, қоңырау шылдырап, Ч2 кіріс бағдаршамы жабылғаны белгілі болған. Дабыл бойынша электромеханиктердің және тиісті мамандардың жұмыс құрамы оқиға орнына жедел жетіп тексергенде, тепловоз радиостанцияның тоқты жерге тұйықтайтын сымының 1 метр 63 сантиметрінің үзілуінен КГУ желісінде дабыл пайда болғаны анықталыпты. Кемшілік дереу жойылып, дабыл нәтижесінде тоқтаған №34 пойыз 4 минуттан кейін, 18 сағат 22 минутта кесте бойынша жүрісін жалғастырған.

Дистанция ұжымында еңбек өнімділігі қатаң сақталған, қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларына және өзге де байланыс құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етілуде. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарлар, ГТСС нұсқаулары және инженерлік-техникалық іс-шаралар, ағымдағы күтім жұмыстары толықтай орындалуда. Уақытында ауыстырылуы тиіс байланыс құрылғылары кесте бойынша жаңадан орнатылуда.

Мәселен, Төменарық-Екпінді телімінде №9,3,6,5 және 4 жарықдиодты модульдердің линзалы кешені ауыстырылған, Сауран-Бесарық станциялары аралығында да осындай жұмыстар жасалған. Шиелі-Байгеқұм станциялары арасында да жарықдиодты №6,9,4,11,2 және 13-бағдаршамдардың линзалы кешені ауыстырылса, осы учаскеде релелік шкаф №6,9,2,13,10,1 және 13 стативтердің ТМ-17 блогының КПТШ-117 типті трансмиттерлері жаңартылған. Сондай-ақ, Белкөл-Қызылтам, Шорнақ-Түркістан Қызылтам-Анакөл телімдерінде жарықдиодты модульді бағдаршамдардың линзалы кешені ауыстырылса, Сұлутөбе-Керкелмес телімінде ТМ-15 блогының КПТШ-715 типті трансмиттерлері жаңаланыпты. Бірқазан-14 бекет-Керкелмес телімдерінде де релелік шкафтардың ИМВШ-110 типті релелері ИВГ маркалы релелермен алмастырылған.

– Дистанция телімдеріндегі құрылғыларға техникалық күтім жасау, олардың кемшіліксіз жұмыс жасауы қозғалыс қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сондықтан ағымдық күтім жұмыстары күнделікті атқарылады, – дейді дистанцияның техникалық бөлім жетекшісі Ақшагүл Күрбенова.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суреттерді түсірген Өмірбай Түменбай


Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды