Жамбыл облысында аудан әкімі теміржолшылар саябағы қалпына келтірілетінін айтты

Аймақтар
20.12.2018, 11:47

Шу локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында Шу ауданы әкімі Қ.Досаев теміржолшылар қауымымен кездесу өткізді. Оған «ҚТЖ» ҰК Жамбыл жол бөлімшесінің Шу аймағы филиалы директорының орынбасары Д.Сыдықов, көлік прокуроры Е.Рыскелдиев, Шу локомотив пайдалану депосының басшысы Қ.Көкірекбаев қатысты.  

Жиын барысында аудан басшысы Қайрат Әскербекұлы Шу ежелден теміржол кәсіпорындары көп шоғырланған, сондықтан теміржолшы кәсібін терең сіңген өңір екенін, сондықтан аудан халқының белгілі бір бөлігін құрап отырған теміржолшылардың үлкен күш екенін айтып өтті. Көпшілікті алда келе жатқан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еңбектерінің табысты болуына тілектестік білдірді. Әрі қарай Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауына тоқталған әкім, онда көрсетілген маңызды міндеттер мен оны аудан көлемінде жүзеге асырудың тиімді жолдарын түсіндірді. «Мысалы, 2019 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 28 284 теңгеден 42 426 теңгеге көтеру жөніндегі Президент тапсырмасына орай, өңіріміздегі 82 мекемеде 42 мыңнан төмен айлық алатындардың жалақысын өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген әкім, сондай-ақ, халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы сынды басты басымдықтарға терең тоқталып, оны аудан өмірімен байланыстыра отырып баяндады. «Теміржолшылар» саябағын ретке келтіру алдағы жоспар еншісінде барын да назардан тыс қалдырмады. 

Аудан басшысымен күнде кездесе бермейтінін ескерген теміржолшылар көкейлеріндегі сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды. Сұрақ-жауап кезеңінде Ж.Апанбаев «Локомотив» стадионын ретке келтіру, Қ.Көкірекбаев осыдан бірнеше жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған, жаяу жүргіншілерге арналған темір жол өткелінің жұмысын аяқтау, темір жол мекемелері маңында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселесін көтерсе, Д.Сыдықов көмір ұрлығы тыйылмай тұрғандықтан, оған тосқауыл қою жолдарын қарастыру, осыған орай халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жайын сөз етті. Вокзал маңы мен теміржол жағасында шашылған тұрмыстық қалдықтарды ретке келтіру, санитарлық тазалықты сақтау сынды өзекті мәселелер де ортаға салынды. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған осы және өзге де сұрақтар мен ұсыныстарға Қайрат Досаев қанағаттанарлық жауап беріп, кейбір мәселелер шешімін бірге табуға шақырды.

Жиын соңында аудан басшысы жиынға қатысып, өз ойларын ортаға салып, ашық диалог өрбітуге мүмкіндік берген жүздесу үшін көпшілікке алғысын білдіріп, жуырда ғана тағайындалған жаңа басшы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жамбыл жол бөлімшесінің Шу аймағы филиалы директорының орынбасары Д.Т.Сыдықовтың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Динара Батырхаирова 

Суретті түсірген Петр Норкин


Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды