Ең үздік техникалық класс

Аймақтар
27.02.2019, 11:11

Былтыр 1-30 қараша аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалдары арасында өткен «Техникалық оқуға – ерекше назар» атты айлық қорытындысында Маңғыстау ЖТ бөлімшесі «Ең үздік техникалық класс» номинациясымен 1 орынды жеңіп алды.  

Бұл туралы бөлімше директорының орынбасары Ерлан Бүркітов мәлімет беріп, аталған жетістік ұжымдағы техникалық мамандық иелерінің жемісті еңбегінің арқасы екенін айтты.

– Атап айтар болсам, бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ернар Айдарханов бастаған жас та болса бас болып жүрген қабілетті азаматтардың еңбегі зор. Сонымен қатар бұл жетістік Нұркен Қосымов, Жасұлан Нұрпейісов, Ербол Тілегенов, Рзабек Түрікпенбаев, Бектұр Исатаев сынды әріптестеріміздің еселі еңбегінің жемісі деп білемін. Олар техникалық класты тек безендіріп қана қоймай, филиалдың барлық тоқтаусыз жұмыс үдерісін ұйымдастыруға атсалысады. Сондықтан да болар темір жолда өндірістік-техникалық бөлімді кәсіпорынның «миы» деп атайды, – дейді Е. Бүркітов.

Аталған бөлім бастығы Е. Айдархановтың айтуынша, айлық шара аясында бірнеше номинация бойынша теміржолдағы оқу-техникалық саласына баға беріледі. Мәселен, осы «Ең үздік техникалық класс» номинациясынан өзге «Ең үздік оқыту шебері» және тағы да басқа аталымдарда марапаттар ұсынылады.

– «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік-техникалық даму департаментіне өзіміздің техникалық класымызды суретке түсіріп, барлық құжатымызды түгендеп салып жібердік. Сол бойынша олар басқа өңірлермен салыстыра отырып баға берді. Маңғыстау жол бөлімшесінің техникалық класында сала мамандарының толыққанды білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Мәселен, компьютер, телевизор, проектор, плакаттар, еңбек қорғау және қауіпсіздік тақырыбындағы қабырға стенділері, нормативтік құжаттар, суреттер, кітаптар және оқулықтармен толық қамтамасыз етілген, – дейді ол.

Нұрсая НҰРЛАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды