Қаңтардағы көрсеткіш қандай?

Аймақтар
27.02.2019, 15:44

Жамбыл өңіріне қарасты Тараз, Шу және Сарышаған станцияларында кеңейтілген тораптық кеңестер өтіп, онда негізінен қаңтар айындағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы, «Машинистердің ескертпе кітабы» бойынша талдау жүргізу, пайдалану көрсеткіштерінің орындалуы сынды мәселелер қаралды. 

Сарышаған станциясында өткен телімдік кеңеске аталған станцияға жақын станция басшылары мен темір жолдың өзге де құрылымдық мекеме басшылары қатысып, оған Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директоры Берік Ақшалов төрағалық етті. Мұндағы кеңейтілген жиында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі мен машинистердің ескертпелері күн тәртібіне қойылды.

Жалпы бұл учаске бойынша машишистердің ескертпелері артып кеткенімен, жекелеген мекемелерге қатысты біраз ескертпелер былтырғыдан төмен. Дегенмен талдау жұмыстарының қорытындысын тыңдаған Б.Ақшалов қауіпсіздікті қадағалау жұмыстарын бір сәтке де босаңсытуға болмайтынын айтып өтті.

Сондай-ақ, жиында Жамбыл магистральдық желісі бөлімшесінің директоры А.Кукузов бөлімше шаруашылықтарындағы қауіпсіздік жұмыстарының талдамаларынан хабардар етті. Оның айтуынша, қаңтар айында бір оқиға болған, Тараз-Шу учаскесінің Ақшолақ-Ақыртөбе бағытында пойыздың жаяу жүргінші соғу оқиғасы орын алып, абырой болғанда адам аман, ауыр жарақат алмаған.

Жалпы алғанда Жамбыл магистральдық желісі бөлімшесі бойынша жолдардың орташа бағалануы 57 балды көрсетіп отыр. Ол қаңтар айына 43 балл төңірегінде болады деп жоспарланған екен. Яғни меже 125 пайызға артығымен орындалған.

Теміржолшылар кәсіподақ ұйымы Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов те жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша бөлімше басшыларымен жұмыс жүргізіліп жатқанын, әсіресе спортты дамытуға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.

– 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланғанын білесіздер. Соған байланысты жастардың тәлім-тәрбиесіне басымдық беріп, оларды оқыту, біліктіліктерін арттыру ісіне барынша көңіл бөлінуде. Бұл бойынша арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, басым бағыттары белгіленді, – деді кәсіподақ төрағасы.

Ал Таразда өткен, Жамбыл локомотив пайдалану депосы қызметкерлері мен Тараз станциясына іргелес жатқан станция басшылығы өкілдері қатысқан кеңеске Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков төрағалық етті.

Жиында алдымен машинистердің ескертпе кітабының қаңтар айындағы жазбалары талданды. Депо бойынша бұл айда 24 ескертпе түскен екен, ол өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 9 ескертпеге азайған. ПЧ-51-ге де қатысты ескертпелер 8-ге жетіп, өткен жылғыдан алтауға төмендеген. Түлкібас станциясы ПЧ-52-ге биылғы қаңтарда 5 ескертпе түссе, былтыр осы айда алтау болған екен. Мұнда да төмендеу байқалады. Тараз станциясында да былтырға қарағанда биыл жұмыс жүйеленген. Айталық, былтырғы қаңтарда 4 ескертпе тіркелсе, биыл бір ғана жағдаймен шектелген. Ал ШЧ-36 мен ЭЧ-21 жұмысына ешқандай ескертпе болмаған.

Аталған ескертпелер тиісті орындарға жолданып, шаралары дер кезінде қолға алынғаны белгілі болды. Машинистер түртіп алған ескертпелерді мұқият тыңдаған Ү.Рысбеков темір жол жұмысындағы келеңсіздіктердің азайғанын айтып өтіп, дегенмен жол бойында ауа жайылған малдың мәселесін шешу, құқыққорғау органдарымен бірлесе жұмыс жүргізуге көңіл бөлді.

Сондай-ақ, жиында 2019 жылдың қаңтар айындағы кейбір пайдалану көрсеткіштерінің орындалмауы бойынша да түсінік беріліп, тиісті мекемелерге кемшілікті жою жөнінде тапсырма жүктелді.

Кеңес төрағасы көктемнің келуімен еріген қар мен жауыннан кейін жиналған көлшік сулардың жол қозғалысына кедергі келтіретінін, сондықтан жылдағыдай кез келген қауіпке дайын болу үшін және ондай жағдайларды болдырмау үшін тиісті шараларды қолға алып, локомотив бригадаларының жұмысын ширата түсуді қатаң тапсырды.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Жұмағали Ұрсаров өз сөзінде сын-ескертпелер бойынша тиісті шешімдер шығарылып, қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. ШЧ, ПЧ, ЭЧ басшыларымен бірлесе техника құралдарының ескертулері мен істен шығуын азайту мақсатында жұмыс жүргізілгенін және жол бойына су жиналу қаупінің алдын алу, алдағы уақытта жекелеген учаскелерде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына қатысты технологиялық толаскез жөнінде де ақпар берді.

Шу локомотив пайдалану депосында өткен кеңейтілген кеңесті Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директорының Шу өңірі бойынша орынбасары Дүйсен Сыдықов ашып, күн тәртібіне тоқталды. Мұнда да машинистердің ескертпе журналына түскен жол бойындағы жағдайлар кеңінен талқыланды. Талдаулардан кейін басшылық тиісті мамандарға рельс бойындағы шөптерді жою, пойыз жолында малдың емін-еркін жайылып жүрмеуіне жол бермеу, пайдалану көрсеткіштерін арттыру, жол қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігін барынша сақтау, т.т. бойынша тапсырмалар берілді.

Ал Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары М.Абдуллаев биылғы қаңтар айында бөлімше шаруашылықтарында ешқандай апаттар мен оқыс жағдайлардың болмағанын жеткізді.

Кеңейтілген кеңестер соңында барлық станция басшылары мен Жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелерінің тиісті басшылық өкілдеріне әдеттегідей жол қауіпсіздігін, технологиялық процестердің ақаусыз және тоқтаусыз жұмыс істеуін, жұмысшылардың қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету және темір жол бойына жақын маңдағы оқу орындары басшыларымен жолдан өту қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша тапсырмалар жүктелді.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Тараз 

Суретті түсірген автор 


Жаңалықтар
02.02.2026
Жаңа Конституция – еңбек адамының құқықтық кепілі
Инфрақұрылым
02.02.2026
«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс барысы пысықталды
Аймақтар
02.02.2026
Жолшылар жаңа қонысқа көшті
Қауіпсіздік
02.02.2026
Теміржол бойындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Станция тынысы
02.02.2026
Теңдік станциясы толық қуатта: тәулігіне жүздеген вагон өңделуде
Жолаушылар тасымалы
02.02.2026
ҚТЖ пойыздарында 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдік шарттары
Жолаушылар тасымалы
02.02.2026
«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді
Жаңалықтар
31.01.2026
ҚТЖ дамудың адам игілігіне бағытталған үлгісіне көшуді қолдайды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды
Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді