Жұмысшылардың жаны кіріп қалды

Аймақтар
01.03.2019, 13:48

Атырау қаласынан шалғай жатқан Теңдік пен Қарабатан станцияларына қатынап жұмыс істейтіндер үшін жұмыс орнына жету және кешке кері қайту теміржолшылар үшін едәуір қиындық тудырып келген-ді. Жуырда бұл мәселе шешілді.  

Теңдік станциясы облыс орталығынан 10 шақырым, ал Қарабатан станциясы 30 шақырым қашықта жатыр. Оған Атыраудан қатынап жұмыс істейтін жұмысшыларды осыған дейін тозығы жеткен ескі, іші лас, орындықтары сынық, екі күннің бірінде бұзыла беретін жаман автобус тасымалдайтын. Соған орай, жұмысшылардың өтінішін ескерген Атырау жүк тасымалдау бөлімшесінің басшылығы биылдан бастап жаңа мердігермен келісім-шарт жасасып, енді теміржолшыларды жап-жаңа Газель автобустары тасымалдайтын болды.

Таңертең 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс жасайтын екі станцияның ауысым жұмысшылары (Теңдік – 15, Қарабатан – 15 адам) жұмысқа уақытында барып, уақытылы шығатын болды. Автобус оларды Атырау вокзалынан таңертең, 6.45-те, кешке 18.45-те алып кетеді де, ауысымнан шаққандарын қалаға кейін алып қайтады. «Бұрын ескі автобуспен жұмысқа жеткенше жұмысшылар шаршап кетеміз дейтін, міне жаңа да жайлы көлікке отырып, жұмысшылардың жаны кіріп қалды» дейді Қарабатан станциясының бастығы М.Маймақов.

Қосұйым Мұқашев, Атырау 


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды