Турон кубогына таласты

Аймақтар
01.03.2019, 13:54

Ақпанның соңғы аптасында Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда Турон бойынша Әлем кубогы – 2019 халықаралық жарысы өтті.  

Осыдан үш жыл бұрын Турон бойынша Оңтүстік Қазақстан аймақтық федерациясы теміржолмен бірігіп «Локомотив» спорт клубын құрған болатын. Жарысты туронның Қазақстандағы негізін қалаушы, еліміздің құрама командасының жаттықтырушысы, турон бойынша еңбегі сіңген спорт шебері Александр Тен және Шымкент жүк тасымалы бөлімінің Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.

Жарысты грек-рим күресі бойынша ССР спорт шебері, Шымкент ЖТ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан басқа, Шымкент ЖТ бөлімінің кәсіподақ кеңесінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Арман Ахашов, Файзулла Садуақасов ізгі тілектерін білдірді. Айта кетейік, жарыстың ашылу салтанатында Турон федерациясы атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Нұртаевқа WUT профессоры атағы салтанатты түрде берілді.

Турон – Өзбекстанның ұлттық спорт түрі. Спорттың бұл түрінде шығыс жекпе-жегі, дзюдо, самбоның элементтері енгізілген, ауыр жарақат алып қалатын әдістерге тыйым салынған, адамның ерік-жігері мен ширақтығын шыңдайтын спорт. Жарысқа 160-тан астам үміткер келді. Турон кубогын иелену үшін Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген спортшылар бағын сынады. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, команда бойынша Қазақстан, екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Тәжікстаннан келген спортшылар жеңіп алды. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, салмақ бойынша жеңіске жеткен спортшыларға жүлделер табыс етілді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент қаласы

Суретті түсірген автор


Жолаушылар тасымалы
04.07.2026
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Атырау теміржол вокзалын жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
04.07.2026
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды
Жаңалықтар
04.07.2026
ҚТЖ басшысы мен Маңғыстау облысының әкімі Ақтау вокзалындағы жөндеу жұмыстарымен танысты
Жаңалықтар
04.07.2026
Талғат Алдыбергенов Маңғыстау облысындағы теміржол нысандарын аралады
Жаңалықтар
03.07.2026
Пойызда рейд ұйымдастырылды
Жолаушылар тасымалы
03.07.2026
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?
Жаңалықтар
03.07.2026
ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
Жаңалықтар
03.07.2026
17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды
Жаңалықтар
03.07.2026
Мақсат – іскерлік этиканы нығайту
Жаңалықтар
03.07.2026
«Кедентранссервис» сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚТЖ келбеті
03.07.2026
Үздіктер анықталды
Аймақтар
03.07.2026
Болашақтың игі бастамасы
Сұхбат
03.07.2026
«Integra Construction KZ» – жол құрылысының көшбасшысы
Аймақтар
03.07.2026
Жамбыл жырларын жатқа оқыды
Аймақтар
03.07.2026
Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс
Жаңалықтар / Мұрағат
03.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №51 03 шілде 2026 жыл
Аймақтар
02.07.2026
Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды
Жолаушылар тасымалы
02.07.2026
ҚТЖ пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
Аймақтар
02.07.2026
Жаңа вокзал. Атыраулық теміржолшы жаңа вокзалдың ашылуына өлең арнады