Бастауыш ұйым есеп берді

Аймақтар
04.03.2019, 18:49

Екі жыл бұрын бөлімше құрамындағы Қызылорда вагон пайдалану депосы, Қызылорда-Сексеуіл локомотив шаруашылығы және станция-бекеттердің ұжымдарының кәсіподақ ұйымдары бірікітіріліп «ЖТ-Қызылорда бөлімшесі» бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған болатын.  

Осы аралықта бөлімше бойынша сан-салалы жұмыстарға атсалысып, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында дәнекер бола білген ұйым талай шаруаның оңтайлы шешілуіне атсалысып, міндетін абыроймен атқара білді. Жаны қиналған жұмысшыға қамқоршы, сүрінген теміржолшыға сүйеу, мәдени көпшілік шаралардың бас ұйымдастырушысы бола білген кәсіподақ ұйымын өңір теміржолшыларына жақсы таныс Мұхтар Өмірзақұлы Көпірбаев басқарып келеді.  

Міне, бүгін екі жылда атқарған жұмыстарына есеп берген кәсіподақ ұйымы көпшіліктен «қанағаттарлық» деген баға алды және ұйым жұмысын одан әрі жетілдіре беруге ұсыныс айтылды.

Бастауыш ұйымның есепті жиынына арнайы шақырылған Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының міндетін уақытша атқарушы Ерлан Айдаров, бөлімшенің бас инженері Күлхан Белкібаев және «Қазкөліккәсіп» филиалының төрағасы Өмірбек Жүсіпов бөлімше кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың атқарған жұмыстарын саралап, тиісті бағасын беріп, алдағы уақытта жоспарланған шараларын да тыңдады және өз тараптарынан ұсыныс, пікірлерімен бөлісті.

– Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы дәнекерлік жасайтын ұйым, өз жұмысында Ұжымдық шартты басшылыққа алады. Дегенмен қазіргі өзгерістерге байланысты мекемелерде өткізілетін кез келген шараға кәсіподақ ұйымы араласуға мәжбүр, себебі мекемелерде қаражат жеткіліксіз, яғни қарастырылмаған, ал кәсіподақ ол шараға көмек беруге міндетті болмаса да, өтініш айтылған соң қаражат қарастырып, көмек қолын созуға тырысады. Сіздер осы жағдайды дұрыс түсініңіздер. Өзге ұжымдарға қарағанда теміржолшылардың Ұжымдық шартпен жұмыс жасайтыны біздің ұлттық компаниямыздың артықшылығы саналады. Мұхтар Өмірзақұлының жүргізіп отырған жұмысына өте жақсы деген баға беруге болады. Байқап отырсақ, көп жағдайда жұмыс берушінің де, жұмысшының да көңілінен шығатындай, яғни «арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін» шешім таба білген. Нағыз дәнекер бола білген, алдағы уақытта да міндеттелген жұмыстарын жоғары деңгейде атқарады деп сенім білдіремін, – деді«Қазкөліккәсіп» филиалының төрағасы Өмірбек Жүсіпов.

  Жиында бөлімшеге қарасты мекемелердің цехкомдары мен теміржолшылар бастауыш ұйым төрағасының жұмысына қатысты пікір білдіріп, өз сауалдарын да жолдады. Ал жалпы алғанда Қызылорда ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының есеп беру жиынына қатысушылар бірауыздан төраға жұмысын жоғары бағалап, алдағы жұмыстарын абыроймен атқаруға тілек білдірді. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Суреттерді түсірген Өмірбай Түменбай


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды