Шымкентте тасымалдау үдерісі ойдағыдай

Аймақтар
09.04.2019, 20:59

Шымкент ЖТ бөлімшесіне қарасты Манкент станциясы қозғалысы қалың күрежолдың бойында жатқан бекет болғандықтан, ерсілі-қарсылы жөңкіген пойыздар жиі қатынайды.

Жыл басынан бері үш айдың ішінде станцияда қозғалыс қауіпсіздігі ойдағыдай қамтамасыз етіліп, жүк шаруашылығымен байланысты ешқандай оқыс оқиға тіркелмеген. Тасымалдау үдерісі ойдағыдай. Станция бастығы Әлімхан Исаханов ағымдағы жылдың өткен үш айы ішінде Манкент станциясынан жоспарлы 810 вагонның орнына 574 вагонға жүк тиеліп, ал межелі 2563 вагонның орнына нақтысында 3082 вагоннан жүк түсірілгенін жеткізді. Соның ішінде 15 астық тасымалдау-шы вагонға бидай өнімдері тиелсе, 15 платформаға көлік тағы басқа техниалық құралдар артылған. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және вагондарға шамадан тыс артық жүк артуға жол бермес үшін құжатта көрсетілген жүктің салмағы сәйкес болуы қатаң тексеріледі, мысалы станция қызметкерлері ұн артылған 22 жабық вагонға тексеру жүргізген. 

Бұдан бөлек, Манкент станциясынан цистернадағы қауіпті жүктер де тасымалданады. Сұйылтылған газ тиелген 127 цистернаны жөнелту кезінде барлық техниалық қауіпсіздіктің сақталуы қатаң қадағаланып, вагондарды ағытуда қауіпті жүктерден ешқандай ақау табылмаған, яғни вагон цистерналарының төменгі жағындағы құйылатын прибордан сұйықтық ағып немесе жоғары қақпағы жылжып кетіп дегендей, келеңсіздіктер орын алмаған. Жүктердің аман-есен сақталуы мен оның дер кезінде жеткізілуі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ең басты ұстанымы. Жыл басынан бері аталған станцияда ұрлық пен жүктердің қараусыз қалуына жол берілмеген. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен жүк құрамдарының сақталымын қамтамасыз ету бойын ша жергілікті халықпен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады екен, нәтижесі жоқ емес.

«Түсіндіру жұмыстары мектептер мен әкімшіліктерде өтіп, жергілікті тұрғындарға теміржолдың қауіпті аймақ екендігін ескертумен шектелмей түрлі мысалдар келтіріп, сонымен қатар құқық қорғау органдарының қолына түсіп қалғандар, олардың салдары қандай болғаны да нақты мысалдармен көрсетілуде. Станцияның жұмысын жақсарту үшін ауысымдағы қабылдау датчиктері мен Әскериленділірген күзет қызметі, пойыз құрастырушылар қатарынан мобильді топ құрылды. Осы топ станция арқылы өтетін, тиеліптүсірілетін жүктердің сақталуына, бақылауды күшейтіп, жұмыстың жоспардағыдай орындалуына күш салуда», – дейді станция басшысы Әлімхан Исаханов.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті