Ақтөбеде теміржол вокзалының басшысы рейд өткізді

Аймақтар
15.04.2019, 20:56

Ақтөбеде теміржол вокзалының басшысы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау үшін рейд жасады. Вокзал басындағы рейд жұмыстары қала тұрғындарының қатысуымен өтті.

Рейд барысында вокзалға кіргеннен бастап, билет алу үшін электронды кезекке тұру, касса қызметі, тәртіп пен тазалыққа дейін бақыланды. Мамандар осылайша билет алу кезегіне қатысты шағым мен вокзал айналасындағы автотұрақ мәселесін шешуге мүмкіндік іздеді. Вокзал бастығы жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалып жатқанын түсіндірді. Қала тұрғындары теміржол вокзалы жанындағы автотұраққа қатысты шағымдары көп екенін жеткізді.

«Теміржол вокзалы да халыққа қызмет көрсету орындарының бірі. Жолаушылардың барлық сұранысын қанағаттандырып, жағдай жасауға тиіспіз. Вокзал жанындағы автотұрақ бізге қарамайды. Десек те халық оған қатысты шағымды бізге айтып келеді. Сол себепті біз де қарап жатпай, жергілікті қалалық әкімдікке және жолаушылар тасымалы қызметіне жағдайды жеткіздік. Автотұрақтың электронды түрде жұмыс жасауын ұсынып жатырмыз. Сол кезде жемқорлық та, адам факторы да жойылар еді»,– деді Ақтөбе вокзалының бастығы Тойбазар Қуанышев.

Вокзал басшысы тұрғындарды касса қызметімен де таныстырды. Қазір Ақтөбе вокзалында 7 касса бар, оның екеуі ақылы. Алдағы уақытта вокзалдағы кассалар санын арттырмақ екен. «Билеттер электронды кезекпен сатылады. Ақылы кассаларға жоғарғы қабаттан орын береміз. Себебі оларда қызмет көрсеткендері үшін қосымша қаржы ұсталады. Ал біздің кассалар халыққа тегін қызмет көрсетеді», – деген вокзал басшысы заңсыз билет сатушыларға тосқауыл қою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ретімен де таныстырды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз билетке қатысты арнайы комиссия құрылды. Сол себепті қазір бұл мәселе жойылды деп айтсақ болады. Билеттер сату кезінде ешқандай адами фактор жоқ. Кассалар арнайы бағдарламамен жұмыс жасайды, орын бәріне бірдей беріледі. Немесе жолаушылардың өздері көп жағдайда билетті электронды түрде рәсімдеп алады. Кім бірінші қимылдайды сол билет ала алады, билетті жасырып қалу деген мұнда болмайды»,– дей келе вокзал басшысы, қоғамдық орында халықтың өтініштілегі маңызды екенін, мұндай жұмыстардың алдағы уақытта да өткізіліп тұратынын жеткізді.

Ардақ ЕРУБАЕВА

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті