Алғашқы толаскездің ауқымы

Аймақтар
20.04.2019, 10:13

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің Қамыстыбас-Шөміш-Аралқұм станциялары аралығындағы тақ жолдың 28,3 шақырымдық теміржолды күрделі жөндеудің алғашқы толаскезі беріліп, жолдың 1 км 300 метріне отандық өнім – Р-65 маркалы жаңа рельс тізбектері төселді.

Аймақтағы жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына машықтанған «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының атқарушы директоры Дәурен Сұлтамұратов алғашқы толаскездің сәтті өткенін, жолшылардың бөлінген уақытты тиімді пайдалана білгенін мәлімдеді. Алғашқы толаскездің ауқымы жаман емес.

– Қамыстыбас-Шөміш-Аралқұм станциялары арасындағы күрделі жөндеудің алғашқы толаскезі сәтті өтті деп айта аламыз. Белкөл ПМС директоры Айдарбек Әбілдаевтың басшылығымен жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан жолшылардың әрбірі өздеріне белгіленген жұмыстарды сапалы да уақытылы атқарды. Күрделі жөндеуге қажетті арнайы техникалар ескі рельстерді жинастырып жаңасын төсеуге қажетті УК-25/18 крандары, жол төсемін сүріп қайта жаюға жұмылдырылатын бірнеше SD22 және Ч2К маркалы ауыр тракторлар мен өзге де қосалқы техникамен толық қамтылған біздің мекеме жоспарланған уақыт аралығында күрделі жөндеу жұмыстарын толық атқаратынына сенім мол. Техникамыз толығымен жеткілікті, біздің ендігі міндетіміз – әрбір толаскезді тиімді пайдаланып, 28 шақырымдық күрделі жөндеуді кестеге сай сапалы бітіру болмақ, – дейді «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының атқарушы директоры Дәурен Серікбайұлы.

Аймаққа бұған дейін «Жол жөндеуші» атауымен таныс болып, кейін құрылымдық өзгерістерге байланысты атауын өзгерткен ұжымның мамандары да толық, қажет кезінде жергілікті мамандардан қосымша қол күшін тарта білетін мекеменің бүгінгі тынысы да тұрақты. Себебі өткен жылдары осы Қамыстыбас станциясына дейінгі, алдыңғы жылы Қызылтам, Қаракеткен учаскелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын да осы мекеме құрылысшыжолшылары атқарған болатын. Пайдалануға берілген телімдерге қатысты сын пікірлер естіліп жатқан жоқ көрінеді. Сәтін салса, Қамыстыбас-ШөмішАралқұм учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстары да сапалы әрі уақытылы өткізіледі деп күтілуде. Толаскез кезінде участок басында тамақтанатын арнайы асхана, тынығатын орындар қарастырылып, жол жұмысшыларына барлық жағдай жасалған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады