Меже үдесінен табылған

Аймақтар
24.04.2019, 09:54

Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты кластан тыс станциялардың бірі – Балқаш станциясы биылғы жылдың бірінші тоқсанын да оң көрсеткіштермен тәмамдап отыр. 

Айталық, үш ай ішінде станция басынан 2902 вагонға жүк тиеу межеленсе, жүк тиелімінің жоспары 629 вагонға артық орындалып, тапсырма 122%-ке орындалған. Ал тоннаға шаққандағы жоспар көрсеткіші 43 448 тоннаға артық немесе 125%-ке орындалған. Сондайақ, статистикалық жүктеме де межеден тыс 2%-ке артық орындалып отыр. Жүк түсірілімі шаруасында да жоспардың асыра орындалғаны байқалады. Үш айда станциядағы жүк түсірілімі 185 вагонға артық орындалып, жоспар көрсеткіші 105%-ды құраған.

Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 20%-ға жоғары болып отыр. Жергілікті вагондардың да жұмыссыз тұрып қалу уақыты көп қысқарған. Мәселен, жүк тиеуге бергенге дейін вагонның тұру уақыты 3,83 сағаттан 3,12-ге дейін, ал жүк операциясы кезінде тұру уақыты 7,1 сағатқа дейін қысқарған. Сонымен қатар жөнелтуді күту уақыты да екі сағат үстінде қысқарған. Сөйтіп, жергілікті вагонның кідіру уақыты барлығы 9,15 сағатқа төмендеп, жоспар 149% орындалған. Өңдеуді қажет етпеген және қажет еткен транзиттік вагондардың кідіру уақыты да қысқарған. Вагон айналымына келсек, бұл тапсырманың да межеден 7%-ке, ал өткен жылдың сәйкес мерзімінен 115%-ке орындалғанын байқаймыз.

– Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Балқаш 1,2 станцияларында пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу және маневрлық жұмыс өндіріс барысында қозғалыс қауіпсіздігі толық қамтылып, пойыздық және маневрлық жұмыс барысында ақауға жол берілген жоқ. Сондай-ақ, вагон паркінің сақталуы да қамтамасыз етілді. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына қатысты биылғы үш айда станция бастығы мен оның орынбасарларының қатысуымен 13 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 26 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 18 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек «Қозғалыс қауіпсіздігі» күні өтіп, оның барысында жұмыс орындары, еңбеккерлердің жұмыс тәртібін сақтауы тексеріліп тұрады. Станция бастығы Аманжол Омаров өте тәжірибелі, талапшыл жан. Сондықтан ол кісінің назарынан еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері де тыс қалған емес. 

Еңбек қорғау жағдайы күн сайын жұмыс орнында станция кезекшісімен тексеріліп тұрады. Ауысым бойы қарастырылатын, тексерілетін және бақылауға алынатын мәселелердің тізімі де жасалған. Еңбек қорғау бойынша ереже бұзушылықтар мен барлық сәйкес келмейтін мәселелер өндірістік қауіпсіздік бойынша тәулікбойғы бақылау журналында жазылады. Бұл жазбаны станция кезекшісі ауысымды қабылдау және тапсыру барысында жүргізіп отырады. Мұнымен қатар станция қызметкерлеріне бекітілген жоспарға сай ай сайын техникалық сабақтар өтіп тұрады және сабаққа адамдардың 100% қатысуы талап етіліп, қатаң бақылауға алынған.

Аманжол Әбдіқарарұлының жұмысты ұтымды ұйымдастыра білетін кәсібилігі жоғары басшы екенін биыл үздік станция басшылары қатарынан орын алып, «Үздік станция бастығы» төсбелгісімен марапатталуынан-ақ көреміз, – дейді Балқаш станциясының инженер-технологы Оксана Глазкова. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады