Жамбылдағы су тасқынын өткізуге қарсы дайындығы туралы

Аймақтар
26.04.2019, 15:11

Қыстың ауылы әлдеқашан алыстап, көктемнің де жартысы орталады. Демек, су тасқыны қаупі сейілетін уақыт болды. Әйтсе де, биылғы көктем оңтүстік аймақта жаңбырлы болып отыр. Кейде бірнеше күн тоқтаусыз жауған нөсер жауын елді мекендерді әбігерге түсіріп, теміржолдарға да кәдімгідей қауіп төндіруде.

Жамбылдық теміржолшылар 112ден «Нөсерлі жаңбыр күтілуде» деген хабар келген сайын дайындықтарын тағы бір пысықтап, қауіпті деген тұстарды бақылауда ұстауды дағдыға айналдырған. Өйткені, еліміздің оңтүстігіндегі аграрлы аймақтардың қатарына кіретін Жамбыл облысы аумағында ірілі-ұсақты өзен, су арналары көп. Әсіресе, Қырғыз жерінен бас-тау алатын трансшекаралық өзен суларынан жылда көктемде қауіп күтіледі. Оның үстіне жауынды күндері таудағы сай-саладан төмен құлдилаған тіршілік көзінің етекке барып көлшікке айналатын кезі де осы көктемге тән табиғи құбылыс екені рас.

Дәл қазір Жамбылда жауын жауып тұрғанына аптаға жуық уақыт өтті. Төтенше жағдай қызметінің ақпараттық орталығынан желдің ұйытқуы мен нөсер жауынның қаупінен сақтандырған хабарлама тиісті органдар мен халықтың қалта телефонына күнде түсіп жатыр. Ал темір жолдағы қауіпсіздікке жауапты құрылымдар техникасын сайлап, су арналары тасыған жағдайда қолға алатын шараларды пысықтап отыр.

– Басшылықтың «Жолдардың және жасанды ғимараттардың сең жүру мен су тасқынын өткізуге қарсы дайындығы туралы» 2019 жылғы 13 ақпандағы №122-ЦЗ бұйрығына сәйкес пойыздардың кедергісіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында атқарылуы тиіс барлық шараларды ерте көктемнен тиянақтап қойғанбыз. Сарышаған, Шу, Тараз, Түлкібас станциялары бойынша әрекет ететін су шаюға қарсы 4 пойызды жарақтап қойып отырмыз. 33 вагонға, оның ішінде 4 жабық вагонға тиісті материалдар мен инвентарларды тиеп қойдық. Сондай-ақ, төтенше жағдай бола қалған жағдайда қолданатын рельсті жиынтығы бар 4 платформа, қойтаспен толтырылған 8 платформа және жарамсыз темірбетонды шпалдары бар 17 платформа дайындалды. Мамыр айына дейін қауіптің бұлты сейілмейді, сондықтан көктемнің жартысы өтсе де су тасқынына қарсы жасақталған пойыздарды таратпай отырмыз, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол бөлімінің 1-санатты инженері Нұрлан Бердіқұлов.

Оның айтуынша, өңірде 61 қауіпті орын  анықталған. Олардың 22-сі – ПЧ-48, 14-і – ПЧ-50, 12 қауіпті нүкте – ПЧ51, 13 аумақ ПЧ-52 мекемелеріне қарасты теміржол телімдерінде екен. Бұл назардағы нүктелер бойынша тиісті мамандар мен басшылық өкілдерінің кезекшілік кестесі бекітіліп, байланыстың барлық түрімен қамтамасыз етіліпті.

– Сақтық үшін қауіп тудыруы мүмкін делінген жасанды ғимараттардың төңірегі мен көпір, құбыр, жолдың сайлы жиектері, жолға жақын тау суы сағалары, су өткізу арналары толықтай қоқыстан тазартылып, су жолдары ашылған. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінен аймақтағы ең үлкен Теріс – Ащыбұлақ, Тасөткел және Тараз қаласына тиіп тұрған қырғызстандық Киров су қоймаларының техникалық жағдайы, олардағы жиналып жатқан су деңгейі мен апаттық ағызу шаралары жайлы күнделікті ақпарат алып отырмыз. Бұдан бөлек, облыстағы темір жол магистралі желілері аумағындағы болуы ықтимал су тасқыны жағдайына қатаң бақылау қойылған, – дейді Нұрлан Бердіқұлов.

Жол бөлімінің инженері Шу, Талас және Теріс – Ащыбұлақ, тағы басқа су қоймалары мен өзен-көлдерінің үстімен өтетін темір жол көпірлері тұсынан да су деңгейі күнделікті өлшеніп отырғанын жеткізді. Күнде нөсерлетіп жатқан ауа райы жағдайында су тасқыны болуы әбден мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алып, дер кезінде қимылдау үшін Жамбыл ЖТ мен магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық құрылымдар, ПЧ, ШЧ, ЭЧ мекемелері басшылары жағдайды тәулік бойғы кезекшілікпен қадағалауға алған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады