Еңбек ескерілуі тиіс

Аймақтар
30.04.2019, 09:57

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты белгі беру және байланыс дистанциясы жылдағыдай дәстүрлі түрде атап өтті. Дистанцияда өткен жиынға мекемеге қарасты барлық құрылымдар өкілдері қатысты. 

Жиын өндірісте қайтыс болған теміржолшыларды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Осыдан кейін дистанцияның бас инженері Нұрғали Терлікбаев еңбек қорғау мен қауіпсіздік ережелерінің ерекшеліктері және дистанциядағы оқыс оқиғалардың себепсалдарлары жайлы баяндама жасады. 

– Дистанция жұмысшылары өздерінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі құқықтары мен төнетін қауіп-қатерден жеткілікті хабардар болуы керек. Ал басшылықтың міндеті – сол қауіп-қатерді жұмысшылардың қаперіне жеткізіп, жарақат алу жағдайларынан барынша сақтандырып отыруы тиіс. Сондықтан өндіріс барысындағы қауіпсіздік Ережелерін сақтау – басшылықтың ұжым қызметкерлеріне қоятын басты талабы болып қала бермек. Дегенмен, жұмыста мұқияттылыққа немқұрайлы қарамау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды міндеттерді бірлесе еңсергенде ғана нәтижелі жетістікке жетеміз, – дейді Н.Терлікбаев.

Еңбек қорғау күні аясында көктемгі байқау шараларының қорытындысы бойынша дистанцияның үздік құрылымы мен жұмысшылары ақшалай көтерме сыйақымен марапатталды.

Атап айтсақ, Жаңатас станциясына қарасты аға электромеханик Серік Кесебаев жетекшілік ететін №28 цех үздік құрылым аталып, бірінші орынды жеңіп алса, Қорағаты станциясының аға электромеханик Елубай Есенов басшылық ететін №21 цехы екінші орынға лайық деп танылды. Үшінші орын – Бүгін станциясының №12 цехы, жетекшісі – аға электромеханик Қуат Саудақұлов.

Сондай-ақ, еңбекті қорғау бойынша аға техникалық инспектор Әсет Асранқұлов, техникалық инспектор Айгүл Керімбекова, техникалық инспектор Ержан Доғалақов сынды бірқатар жұмысшылар үздік техникалық инспектор аталымы бойынша марапатталып, бағалы әрі ақшалай сыйақыға ие болды.

Жылда бұл күнді ұмыт қалдырмай, жұмыс кезінде мерт болған әріптестерін еске алуды өз парыздарындай көретін дистанция ұжымы қызмет бабында қайтыс болған және жарақат алып мүгедек болып қалған теміржолшылардың үйіне барып, отбасымен жүздесіп, азық-түлік түріндегі материалдық көмек көрсету шараларын да ұмыт қалдырмады.

Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды