Тараз темір жол бекетінде пандустар жаңаруда

Аймақтар
03.05.2019, 10:53

Қаланың басты көрнекті орындарының бірі саналатын темір жол бекетінде халыққа қолайлы жағдайдың бәрі жасалуы керек. Пойызбен сапарлап келген қонақтың қаладағы алғашқы қадамын осы бекеттен бастайтыны анық. Олардың арасында үлкен де, кіші де бар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар да кездеседі.

Әйгілі Түрксібтің негізгі нүктелерінің бірі болып даму жолы қалыптасқан Тараз темір жол бекетінде заманның, мемлекеттің талаптарына сай жаңғырту жұмыстары жүріп тұрады. Қазір мұнда үш аптадан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына арналған жаңа пандустың құрылысы қолға алынған.

– Бұған дейін бекеттің негізгі кіреберісінде және қосымша қақпасында пандус болған. Бірақ, тиісті мекеменің тексерісінен кейін олардың Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен №3.06-02-2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» Қазақстан Республикасының Ережелер Жинағындағы стандарттарға сай еместігі анықталып, бізге айыппұл салынған және қайтадан талапқа сай етіп салу жөнінде ұсыныс берілген. Біз Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі басшылығына өтініш жолдап, пандус құрылысына қажетті цемент, құм, металл құбыр сынды материалдарды алдық. Сондай-ақ бөлімше өзіне қарасты құрылымдардан құрылыс бригадасын жіберіп, осыдан үш апта бұрын жұмысты бастап кеттік. Негізгі кіреберістегіні бітіріп, пайдалануға бердік. Енді бекеттің оң жақтағы қақпасы алдындағы қосымша тағы біреуін соғып жатырмыз. Бұлар жоғарыда аталған Ережелер жинағы талаптарына толықтай жауап береді, – дейді Тараз темір жол бекетінің басшысы Талғат Төлебеков.

Біз бекетке барғанда екінші пандустың құрылысы қызу жүріп жатты. Өйткені бірнеше күннен бері жауыннан көз ашпаған Тараз аспаны осы күні-ақ бір ашылып, күннің көзі көрінген еді. Бригададағы жігіттер күн райының қарайласқан осы сәтін пайдаланып, дәнекерлеу, сырлау жұмыстарына шұғыл кіріскендерін жеткізді.

Талғат Бейсенбайұлы алдағы уақытта пандустардың кіреберісіне вокзал қызметкерін шақыруға арналған байланыс құрылғыларын орнату жоспарланғанын да айтып өтті. Сондай-ақ, бекеттің алдына және сол жақ қапталына мүгедек жүргізушілердің көлігіне және инвотаксилерге арналған тұрақ орны пайдалануға берілген.

Бұдан бөлек, бекет меншігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі арба бар. Мұндай арбалардың екеуі Шу станциясы бекетінде, Луговой бекетінде біреуі және Сарышағанда біреуі бар екен. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады