Бейнеу станцияның вагон қараушысы қырағылық танытты

Аймақтар
03.05.2019, 13:17

Темір жолда вагондарға техникалық қызмет көрсетіп, кем-кетігін анықтайтын вагоншылардың жұмысы қауіпсіздік саласында аса зор маңызға ие. Сондай қырағы вагон қараушылар Бейнеуде де көп.

Жыл басынан бергі ақауларды айтпағанда, осы жылдың 1 сәуірінде осы станцияның вагон қараушысы Жүсіп Орынбаев Бурундай станциясынан Ақтау портына бет алған жүк пойызының вагонынан полемидті сепаратор сынығы ақауын тапты. Мұндай күрделі ақауларды бұған дейін де бірнеше рет анықтаған Жүсіптің теміржолдағы еңбек өтілі бар болғаны 4 жыл. Өз жүрек қалауымен теміржол саласына колледжге оқуға түсіп, алғашқы еңбек жолын 2015 жылы БейнеуЖезқазған жаңа темір жол телімінде ашылған Алтай станциясында белгі беруші болып бастаған. 2 жылдан бері ол вагон шаруашылығына ауысып, Бейнеуде вагон қараушы болып еңбек етуде.

– Бүгінде 5-ші разрядты вагон қараушымын. Бейнеу ТҚКҚ-на қарасты вагоншылар бір ауысымда 15 адамдай болып жұмысқа шығамыз. Тоғыз жолдың торабы Бейнеу өте ауқымды станцияға айналды, әр ауысымда шамамен 10-15 пойызға техникалық қызмет көрсетеміз, – дейді вагоншы.

Тапқан ақауы дәлелденіп, сыйақыға ұсынылған вагоншы өз әріптестерінің еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді. Қауіпсіз қозғалысты қалтқысыз сақтау – ең бірінші міндетім деп санайтын теміржолшы өз мамандығын жақсы меңгерген сайын оған деген қызығушылығы мен құлшынысы арта түскенін жасырмайды.

Ұлан ОРАЗ

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады