Ортақ тақырып - еңбек қорғау

Аймақтар
06.05.2019, 09:13

Ақтоғай локомотив пайдалану депосында Алматы ЖТ және кәсіподақ басшыларының қатысуымен Алматы жүк тасымалы бөлімшесі әзірлеген «нөлдік жарақаттанудың» негізгі бағыттарын жүзеге асыру қызықты әрі танымдық сипатта өтті. 

Алматы ЖТ бөлімшесі бас инженері Сабыр Иманғалиев бұл іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналып, әлемдік жұртшылықтың назарын проблеманың ауқымына аудару, еңбекті қорғау мәдениетін ілгерілету, жұмыс орнындағы жыл сайынғы өлім-жітімді төмендету мақсатында өткізіліп отырғанын айтты.

Сондай-ақ, ол жіберілген жазатайым оқиғалар мен бақытсыз жағдайларға тоқталып, теміржолшыларға қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы қандай жағдайда орын алатынын мұқият түсіндірді. Алматы жүк тасымалы бөлімшесі директорының экономика жөніндегі орынбасары Тастемір Нұрғалиев нөлдік жарақаттану стратегиясының негізгі міндеттері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Қазіргі уақытта ұжымда «нөлдік жарақаттану» стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыруға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысқа бағытталған нөлдік жарақаттануды жүзеге асырудың жол картасы бекітілген.

– Қауіпсіздік үшін күрес – әрбір өндіріс орнында үздіксіз жүргізілуі қажет. Еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – әр азаматтың міндеті. Өзін және әріптестерін негізсіз тәуекелге тартпай, алдын алу шараларын қолдану қажет, – деп атап өтті Тастемір Мешкат-Шәріпұлы.

Іс-шара аясында Ақтоғай станциясының, вагон және локомотив депосының командалары арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық-нормативтік құжаттарды білу бойынша білім сайысы түріндегі викториналық ойындар өткізілді. Қан кету, кенеттен денсаулық нашарлау, жарақат алу жағдайлары кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша конкурс эмоционалды түрде өтті.

Конкурс қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыстың өнімділігін арттыру, оң тәжірибені насихаттау мақсатында өткізілді. Кездесу барысында жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі бейнероликтің тұсаукесері өтті. Білім сайысы ойындарын өткізудің, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша көрсетілімнің нәтижесі бойынша, 1-орын – ТЧЭ-29 командасына (20 000 теңге ақшалай сыйлық), 2-орын – ВЧД-26 Ақтоғай командасына (15 000 теңге ақшалай сыйлық), 3-орын Ақтоғай станциясына (10 000 теңге ақшалай сыйлық) бұйырды. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша үздік басшы ретінде Ақтоғай локомотив пайдалану депосының бастығы Сейітбек Ешмұратов танылды. Еңбекті қорғау саласындағы үздік маман ретінде ТЧЭ-29 өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Нұрлан Нұрсалямов танылды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады