Құрылғыларда кінәрат көп

Аймақтар
16.05.2019, 08:18

Жосалы мен Түркістан станциялары арасындағы төрт жүз шақырымнан асатын телім бойында жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтап, байланыс құрылғыларының кідіріссіз жұмысын қамтамасыз ететін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы жылдың алғашқы тоқсанында ақау, апат, оқиға секілді жағдайлардың орын алуына жол бермеген.

Байланыс құрылғыларының маневрлік және пойыздық қозғалыс барысында жұмыстан тыс қалуына жол берілмеген. Үш ай ішінде КТСМ құрылғыларымен 51352 дана пойызды бақылаудан өткізген дистанциялықтар назарына алынған пойыздардың ішінен 9 құрамның тоқтатылу себебі 100 пайыз дәлелденіпті. Теміржолшылар нысанасына ілінген пойыздар ішінде 8 рет локомотив және вагон буксының қызуы және 1 рет доңғалақ жұбының тежелуі тіркеліп, 1 вагон құрамнан ажыратылған.

Алғашқы тоқсанда пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде апат, ақау, қирау секілді жағдайлардың орын алуына жол берілмеген, алайда байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалуы секілді кемшіліктер ішінара болса да тіркелген екен. Кемшіліктерге қатысты дер кезінде жөндеу бригадасы мен мамандар учаскелерді тексеріп, анықталған жайларды қалпына келтірген.

– Біздің дистанция теміржолшылары алғашқы тоқсанда қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының жұмысында ақау жібермей, СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларымен 51352 пойызды бақылаудан өткізіп, жыл жымалы құрамдардың арасынан 9 пойызды тоқтатып тексеруден өткізген кезде тоқтатылу кінәраты толық анықталды. Жылдың алғашқы тоқсанында СОБ және байланыс құрылғыларына күнделікті күтім жасаумен қатар құрылғылардың жұмыстан тыс қалмауы қадағалануда. Алайда кішігірім технологиялық кемшіліктер байланыс құрылғылары кінәратының орын алуына соқтырып, қырағылықты қатаң талап етуде. Мәселен, аталған мерзім ішінде жылжымалы құрамдар жүйесінің тұрақты жұмыс жасауын тексеретін УКСПС, жүк вагондарына жабысқан не салбырап сүйретілген бөгде заттың болмауын бақылайтын КГУ құрылғыларында да жұмыстан тыс қалу орын алмады, – дейді Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық бөлім бастығы Ақшагүл Күрбенова.

Дегенмен жылдың алғашқы тоқсанында СОБ құрылғыларының 5 мәрте жұмыстан тыс қалуы тіркелді десек, оның 2-еуі (бағыттамалық бұрма үстінде бөгде заттың болуынан) Қызылорда жол дистанциясы ұжымына тиесілі болған. Тіркелген жағдайды тарқатып айтсақ, ақпан айында Бақтысай-Тартоғай станциялары аралығында №3101 пойызға қозғалысқа тыйым салынған белгі берілген, себебін іздестіргенде РШ №1/6 стативінің БК блогы Ж релесі тізбегінің С1 конденсаторы қуатының түгесілгені анықталған. Келесіде, яғни ЭЦ постында НМШ1-400 типті Д2П релесінің №32 контакті сымының сапасыз пайкіленуінен 1-блок участок «жалған бос емес» сигналын көрсетіп, Тереңөзек-Қараөзек аралығында №41 пойыз төрт минут кідіріп жөнелтілген. Бірақ анықталған кемшіліктер мамандар тарапынан дер кезінде жөнделіп, жылжымалы құрамдардың кесте бойынша өткізілуі жолға қойылған. Алайда, осындай себептер жиналып, дистанциялықтардың жұмыс сапасының төмендеуіне әсер еткені де жасырын емес. Бұл дистанцияда әлі күнге тозығы жеткен құрылғылардың болуынан дейді дистанциялықтар. Жаңа құрылғылардың жетіспеуінен ескіні жамап, кемтігін толтырып жөндейтін дистанция шеберханасындағы теміржолшылардың еңбегі ерен екені анық.

– Дистанция есебіндегі 11 дана ДГА қолданыс мерзімі 30 жылдан асқан әрі қосалқы бөлшектердің болмауынан ауыстырылуды қажет етеді. Әлі күнге қолданыста жүрген 1970-1979 жылдары шығарылған, 1986 және 1989 жылы шығарылған 5520 реле алмастыруды қажет етеді, ОРS-2002В типті 84 дана, ОРS-75-2В/160В типті 175 аккумулятор қолданылу мерзімі өтіп кетсе де пайдаланылуда, жаңа типті аккумуляторға тапсырыс берілгенмен, толық қамтамасыз етілмеуде. Өндіріске енгізілген «Сіsсо» құрылғысына техникалық қолдау қажет. Бірнеше перегондағы тұрақты тоқ көзін автобұғаттау жүйесі жаңартылуы керек, – дейді байланыс құрылғыларының жаңасын баптап, ескісін жамап жұмыс жасап келе жатқан дистанциялықтар еңбегін қорғай сөйлеген техникалық бөлім басшысы.

Дистанция ұжымында еңбек өнімділігі қатаң сақталған, қолданыстағы СОБ, байланыс, пойыздық радиобайланыс, КТСМ құрылғыларына және өзге де байланыс құралдарына ағымдағы және кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілуде, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етілуде. Және де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарлар, ГТСС нұсқаулары және инженерліктехникалық іс-шаралар, ағымдағы күтім жұмыстары толықтай орындалуда. Уақытында ауыстырылуы тиіс байланыс құрылғылары кесте бойынша алмастырылуда. 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды