Иесіз малдың жол бойына шығып кетпеуі үшін қоршау күшейтілген

Аймақтар
21.09.2019, 10:44
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстік шекарасындағы Сексеуіл жол дистанциясы бойынша жылдың сегіз айында тепловоз машинистері тарапынан 56 мәрте жедел тежегіш қолданылып, оның 9 жағдайында пойыз мал басып кеткен.

Бұл жайында Сексеуіл жол дистанциясының жол инженері Бауыржан Төлегенов мәлімет берді. Маманның айтуынша, иесіз малдың жол бойына шығып кетпеуі үшін дистанция бойынша Сексеуіл-Аралқұм телімі тегіс қоршалған. Ал дистанцияның жаңа жолы саналатын Сексеуіл-Қоскөл учаскесіндегі Абай станциясы мен 19-бекет арасына тікенекті сым тартылыпты. Дистанция бойынша 15 жол өтпесі болса, оның төртеуі тәулік бойы күзетіледі, пойыз сирек жүретіндіктен 11 жол өтпесінде күзет жоқ.

– Дистанция телімдерін қараусыз малдан оқшаулау үшін жолды жағалай қоршау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Негізгі күші Сексеуіл-Аралқұм теліміндегі қоршауды күшейтумен қатар, Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімін малдан қорғауға жұмылдырылуда. Жыл басынан бергі жоспарланған 20 шақырымдық аумақты қоршау жұмыстары барысында жол жағалай 4090 дана қада қағылып, жаңадан 4 км қоршау тұрғызылды. Жыл соңына дейін жолды қоршау жұмыстарының жоспарын орындап, қараусыз малды жолға шығармаудың барлық амалдарын жасауға күш салып, жылжымалы құрамдардың телімдерден кідіріссіз өтуіне жағдай жасайтын боламыз, – дейді жол маманы Бауыржан Төлегенов.

Сексеуіл жол дистанциясының Сексеуіл-Қосқөл жаңа телімі арқылы «Қызылорда-Жезқазған-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызы, «Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған» қаламаңы пойызы сағатына 80 км, ал жүк пойыздары 60 км жылдамдықпен жүргізілуі бекітілген. Бұл дегеніміз – қырағылықты күшейтіп, телімдегі пойыздардың қауіпсіздігін, бір қалыпты жүрісін ұдайы бақылауды, жергілікті тұрғындар тарапынан қозғалыс қауіпсіздігіне сыртқы ықпалдардан туатын мәселелерді жіті бақылап отыруды қажет етеді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады