Назарда – автотежегіштер дайындығы

Аймақтар
24.09.2019, 14:13

Алда күздің құбылмалы, қыстың қытымыр күндері. Бейнеу локомотив айналым депосында өткен жиында Маңғыстаудағы автотежегіштердің жағдайы пысықталып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету жайы қаралды.

Жиында сала мамандары өткен сегіз айда қанша рет автотежегіш қолданылды, себебі не, қандай жағдайлар орын алды, қателік қай жақтан және техниканың қандай кемшілігі болды... тағысын тағы мәселелер түгел сөз болды. Әрине, автотежегіш қолдануда жолға ауа жайылған мал мен жанның кесірі аз емес екені белгілі, бірақ сонымен қатар техникалық жағдайлар да сарапқа салынды.

Маңғыстау жүк тасымалы филиалы директорының орынбасары Ерлан Бүркітов, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау аймағы бойынша бас ревизоры Болат Дүйсәлиев, Маңғыстау вагон депосы басшысы Сәрсенбай Есенқұлов, локомотив пайдалану депосы басшысы Сәндібай Күзенбаев өз пікірлерін білдірді.

«Мақсатымыз – жылжымалы құрамның автоматты тежегіш жабдықтарының қыс мезгілінде үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Сондықтан конференцияда жылжымалы құрамның тежегіш жүйесінде болатын ақаулықтарды талдап, жолдағы ойламаған жерден тап болатын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар әзірленді. Дайындықтағы ерекшеліктер талқыланды. Қызмет көрсету және қыстыгүні автотежегіш жабдықтарын пайдалану, тежегіш рычагты реттеуге ерекше назар аударылды», – деп ақпар берген бас ревизор Маңғыстаудағы қауіпсіздік көрсеткіштеріне де тоқтала кетті.

Айтуынша, жыл басынан бергі сегіз айда Маңғыстаудағы қауіпсіздік жағдайының кері көрсеткіші былтырғы салыстырмалы мерзімдегіден артқан. Өткен жылы 1,5 балл болса, биыл 4 балды құраған. Көрсеткішті жоғарылатып отырған оқиға наурыз айында Маңғыстау станциясында маневр кезінде тепловоздың төрт жолаушылар вагонына барып соғылуы болып отыр. Салдарынан әртүрлі зақымдалулар болып, жылжымалы құрам жөндеуге жіберілген. Сондай-ақ балдың артуына Бейнеу станциясында адам қағып кету жайты да қосылған.

Конференцияға ТД-2 автотежегіштер машинистнұсқаушысы Рамиль Құттымұратов, автотежегіш нұсқаушысы Әлібай Жұмабаев, ВЧД-33 бастығының орынбасары Сәкен Рабаев, вагон қараушы Бауыржан Ізбасқанов, аға вагон қараушы Бикенбай Ерғалиев, РБТ-14 локомотив шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Оралбай Абдашов, ТД-2 машинисі Мақсат Абдашов, Мақсат Қамысбаев, Болатбек Ұзақов белсенді қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады