Шілдеде қауіп қашан да жоғары

Аймақтар
17.07.2020, 11:50
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жартыжылдықта түбек теміржолының нысандарында өрт қауіпсіздігіне қатысты түрлі бұзушылықтар азайған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстаудағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі өткізген тексерістер нәтижесі соны көрсеткен. Әрине, пандемияға байланысты биыл былтырғы жылғыдан тексерістер саны қысқарған.

Дегенмен нәтиже жаман емес, жарты жылда бірде-бір өрт оқиғасы тіркелмеген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстаудағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Қайырхан Таласов алғашқы жартыжылдықта жалпы саны 104 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, 91 бұзушылық тіркелгенін айтады. 2019 жылы тиісті кезеңде 288 тексерісте 333 бұзушылық табылыпты. Яғни, өрт қауіпсіздігін сақтауға жауап күшейген.

Биылғы кемшіліктердің ішінде екеуі темір жол жиегінің тазаланбауы, 14-і өрт сөндіргіштер бойынша, 18 – автоматты өрт дабылқаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмауы, 5 ретте тақтай сөрелерінің асбест қоспасымен қанықтырылмауы, 9 – электр сымдарының ақауы, үшеуі сол сымдардағы кедергі күшінің тексерілмеуі, 16 ретте өртке қарсы сумен жабдықталмауына қатысты болған. Тағы да басқа түрлі бұзушылықтар тіркелген.

Осы жылы, сондай-ақ, 9 нысанға және 2 электр жүйесі нүктесіне өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы берілген. Тексерілген 75/817 жолаушылар пойыздары мен вагондарынан 110 бұзушылық анықталған. Вагондардың да үшеуіне ескерту парағы берілген. Ал локомотивтер бойынша өрт қауіпсіздігі саласының мамандары 1004 локомотивтен 601 бұзушылықты тіркесе, 6 арнайы жылжымалы құрамнан өрт туындататын ешқандай кемшілік кездестірмеген. Сонымен қатар 4682 теміржолшыға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілген.

− Көрсеткіштің былтырғыға қарағанда төмендеп кетуі пандемияға байланысты карантин шараларынан болып отыр. Жыл басынан шілде айына дейін алдын ала бекітілген кестеге сәйкес 7 оқу-жаттығу өткізу жоспарланған болатын. Алайда карантин ол межені бұзды, 5 жоспарлы, жоспардан тыс 1 оқу-жаттығу өткіздік. Осындай жұмыстармен жетінші айға да өрт оқиғасынсыз, аман-есен аяқ бастық. Қазір шілде. Бұл ай өртке аса қауіпті кезеңдердің бірі саналады. Бүгінде еліміздің кейбір орманды аймақтарында дала өрті көбейіп, теміржолға қауіп төндіру жағдайы кездесуде. Сондықтан сақтық шараларын күшейттік. Осы бағытта Маңғыстау станциясының жолдарын тексеріп, өздеріне бекітілген жолдарды өсіп кеткен шөптер мен күл-қоқыстан тазартуға ұйғарым берген болатынбыз. Бүгінгі күні бәрі тазаланып болды. Дегенмен, шілдеде қауіп қашан да жоғары екенін теміржолшылардың есіне салумен келеміз, – дейді мекеме бастығы.

Қайырхан Таласов Маңғыстаудың өртке қарсы қызметі шеңберінде шешілмей келе жатқан мәселелер де бар екенін алға тартты. Оның сөзінше өрт сөндіру пойыздарының жылжымалы құрамаларының техникалық жағдайы алаңдатарлық халде, вагондардың пайдалану мерзімдері тиісті мерзімінен 2-3 есе өтіп кеткен.

Сонымен қатар Маңғыстау өрт сөндіру пойызының жеке құрамы осы уақытқа дейін жаздың ыстығы, қыстың аязы демей темірмен қапталған вагонда қызмет атқарып келеді.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды