Тікелей эфирде - вокзал басшысы

Аймақтар
20.07.2020, 19:06
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Аудандық өңірлік коммуникациялар орталығы арқылы Шалқар станциясы вокзалының басшысы онлайн брифинг берді. Қызғалдақ Омарова тікелей эфир арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Шалқар ауданы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми shalkar_ akimat парақшасы арқылы вокзал басшысы тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Басшы вокзалда бүгінгі күні жасалып жатқан жұмыстар туралы да мәлімет беріп кетті.

Қазіргі күні станция арқылы тек төрт пойыз ғана жүріп жатыр. Аймақта «Шалқар-Ақтөбе», «Ақтөбе-Алматы», «Ақтөбе-Алматы», «Орал-Алматы» жолаушылар пойыздарының ғана қатынасы тоқтаған жоқ. Ал «Алматы-Маңғыстау», «Маңғыстау-Алматы», «Атырау-Алматы», «Алматы-Атырау» жолаушы пойыздары және қалааралық «Шалқар-Сексеуіл», «Сексеуіл-Шалқар», «Шалқар-Жем», «ЖемШалқар» бағытындағы пойыздар уақытша тоқтатылған.

«Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда елімізде «COVID-19» инфекциясына қарсы жаппай қатаң күрес жүріп жатыр. Осыған байланысты қауіпсіздік аса маңызды. Қызметкерлердің барлығы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жолаушылардан да бетпердемен жүру талап етіледі. Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде ғана вокзалға шығарып салушылардың кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта вокзалдың барлық есіктері ашық, бірақ сақтық шараларын қатаң сақтау әр азаматтың борышы болу керек», – деді Қызғалдақ Омарова.

Тұрғындар тікелей эфирде пойыз қозғалысына қатысты сұрақтарды көп қойды. Сонымен қатар, пойызға кірген жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, санитарлық талаптардың қатаң сақталатыны айтылды.

«Қазіргі жағдайға түсіністікпен қараған абзал. Әр адам барынша сақтанып, бетперде киіп жүргенде ғана уақытша дүрбелең басылады. Жақынымызға жанашыр болып, мүмкіндігінше үйден шықпаған дұрыс. Ал пойыздың жүру кестесіне қатысты ақпаратты «105» және «61-2-83» телефон нөмірлері арқылы алыңыздар», – деді вокзал басшысы. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады