Тасымал көлемі кеміген жоқ

Аймақтар
21.07.2020, 10:27
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың жарты жылында тасымал көлемі кеміген жоқ. Оған экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемінің әлемді шарпыған коронавирусқа қарамастан қалыпты деңгейде болуы әсер етуде. 

Әйтсе де, осы кезеңде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген т апсырыс бұрынғыға қарағанда кеміген. Әуелі тапсырыс беріп алады да, кейін одан тайқып немесе белгілі бір бөлігін ғана тиейді. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС 2723 вагон, 95305 тонна пропан-бутан және 3443 вагон, 227238 тонна химикаттар, «Батыс Транс Групп» ЖШС 3151 вагон, 185909 тонна мұнай өнімдері мен 94 вагон, 5546 тонна химикат, «Сұйытылған газды сақтау паркі» ЖШС 519 вагон, 17127 тонна сұйытылған газ, «Теңіз Көлік Компаниясы» ЖШС 420 вагон, 24780 тонна күкіртті жібере алмаған. Себебі, 16 наурыз бен 7 сәуір аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауытының» ашық мұнай өңдеу қондырғысы жоспарлы жөндеуге тұрса, «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» компаниясының газ тазалау қондырғысы 20 мамырдан маусым айының соңына дейін жөндеуге тұрып қалды.

Төлемге қабілетсіз сатып алушылар тарапынан мазут, кокс, автобензинге сұраныс кемігеннен олар да тиелмей қалды. Осылардың салдарынан бөлімшенің техникалық жоспары бойынша жүк тиеу көлемі 122,2 мың тоннаға кеміп, жоспар 97,7 пайызды құрады. Дегенмен, жоспар бойынша бұл көрсеткіш 101,6 процентті құрап отыр. Яғни, жалпы тасымал көлемі тұрақты деуге болады. Алты айда техникалық жоспарға сай негізгі 11 көрсеткіш 100 пайыздан аса орындалған. Яғни, пайдаланым жүк айналымы 4664 млн.т-кмнетто болып, 101,2 %-ды құрады.

Жүк тиеу көлемі 5278,8 мың тонна болып, орындалуы – 97,7 пайыз. Пайдаланым жүк айналымымен қоса, жұмыс вагонының айналымы 97%, жергілікті вагон айналымы 101,2%, ал жүк вагонының өнімділігі 99,8%, тиелген вагонның динамикалық салмағы 101,3, вагонның орташа тәуліктік жүрісі 102,1%, вагонның статистикалық салмағы 101,1%, жүк пойызының орташа салмағы 3998 тоннабрутто, яғни 101,1, локомотив жүрісі 101,7% болып, алты айда аймақта жүк тасымалы қалыпты болғанын көрсетті. Бір техникалық станцияда вагондардың тұруы 96,5 пайызды құрады.

Вагондардың орташа тәуліктік жүрісінің азаюы жүк және бос вагондардың қысқаруынан, транзитті вагондардың азаюынан орын алған. Пойыздар қозғалысының орташа учаскелік және техникалық жылдамдығының кемуіне кейбір учаскелерде жылдамдықты шектеуге ескерту берілгендігі, Мақат, Сағыз түйіспесі бойынша пойыздардың көбейіп кетуі (тәулігіне 13 пойыз орнына 14 пойыздан, ал кей күндері 19 пойыздан келген) себеп болып, аралық станцияларда пойыздардың тұрып қалуына алып келді. Мақат, Сағыз станцияларында жүк операциясына келген вагондардың тұрып қалуы, жиналуын күту, локомотивтерді жалғау жұмыстары да учаскелік жылдамдықтың төмендеуіне әсер етті. Алайда, жалпы алғанда өңірде жүк айналымы жақсы қарқында келеді.

Ал негізгі 10 көрсеткіш жоспарға сай орындалған. Пайдаланым жүк айналымы 4664 млн.т-кмнетто болып, 100,6 %-ды құрады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, жүк тиеу көлемі 5273,8 мың тонна болып, орындалуы 101,6 пайыз болды, жүк вагондарының айналымы 99,4%, пойыздың орташа салмағы 3998 тнбрутто, 100,8%, пойыздар қозғалысының учаскелік жылдамдығы 101,4%, сол секілді басқа көрсеткіштер де жоғары.

Қазіргідей елдегі төтенше жағдайға, әлемдік нарықтағы доллар, мұнайдағы баға өзгерістеріне қарамастан тасымал тасқынының қалыпты деңгейі сақталуын жақсы ырымға балауға болады. Жалпы, өңірде ірі инновациялық жобалардың жүзеге асырылуымен қатар, құрылыс қарқыны да жоғары:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық АтырауАстрахан-Ақтөбе жолы салынуда, осы бағдарлама аясында Береке, Балықшы, Талғайраң ықшам аудандарында, қаланың басқа бөліктерінде де көп қабатты тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр, оған қажетті материалдар, әрине, темір жол арқылы жеткізілуде. Сондай-ақ мұнай өнімдері де үзіліссіз тасымалданып отыр.

Жүк тасымалы
28.07.2026
Екібастұздан Ұлыбританияға: ҚТЖ қазақстандық тыңайтқыштарға жаңа экспорттық маршрут ашты
Жаңалықтар
28.07.2026
ҚТЖ локомотив паркін жоспарлы түрде жаңартуда
Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті