Букстың жылжуы - аса қауіпті ақау

Аймақтар
21.07.2020, 10:54

Маңғыстаулық 6-шы разрядты вагон қараушы Ерболат Сабитаев жақында жүк вагонынан қауіпті ақауды анықтап, апаттың алдын алды. Ақаулардың ішінде букстың жылжып кетуі өте қауіпті саналады. 

Бұл ақауды теміржолда 20 жылдық тәжірибесі бар маман түнгі ауысымда кезекті пойыз құрамын тексеруге шыққанда анықтаған. Іле станциясынан шығып, Ақтау теңіз портына бет алған жүк пойызы Маңғыстау станциясына таңғы 4-5-терде келіп тоқтаған еді. Ерболат Сабитаев әріптесімен бірге әдеттегідей вагондарды екі жағынан барлық позиция бойынша тексеруге кіріскен.

– Сол позициялардың бірі – үңіліп қарау. Сол сияқты балғамен ұрып қарау, автотізбекті тексеру және тағы басқа позициялар бар. Букс ақауын үңіліп қарау арқылы табасың. Шам жарығын түсіріп, мұқият қарағанда букстың жылжып кетуі байқалды. Букс жылжып кетуі «холодное состояние» деген жағдайда тұр екен. Бұл – өте қауіпті ақау. Солай кете берсе, құрам апатқа ұшырауы мүмкін еді. Жалпы менің қызметтік тәжірибемде кішігірім ақаулар көп кездесті. 20 жыл деген оңай ма?! – дейді кәнігі вагон қараушы.

Ерболат Сабитаевтың еңбек жолы 1996 жылы өзі туған көрші елдегі теміржолдан басталған. Ел теміржолындағы қызметін Қазақстанға көшіп келгесін 2008 жылы осы Маңғыстау вагон пайдалану депосында слесарь болып бастады. Сосын тәжірибе жинай келе вагон қараушы болды. Әкесі де теміржолда 30 жылдай еңбек еткен, ағасының балалары да темір жолда. Қазір өзінің ұлы да темір жол саласында білім алып, әке жолын жалғастырмақ.

Осылайша әзірге теміржолшылар династиясының жалпы еңбек өтілі жарты ғасырдан енді асса да, болашақта жалғасын табары сөзсіз. Ерболат қазіргі таңда сырттай оқып, темір жол саласында білімін арттыруда. Бұған дейін де мекеме тарапынан 3-6 айлық курстарды оқып, вагон шаруашылығына қажет білім алып жүр. Бірақ, керек тастың артықтығы жоқ демекші, білімнің де артықтығы жоқ дейді ол. Салаға еңбек сіңіргені үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен екі рет марапатталған.

– Ұжымда 120-дай адам бар. Әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі белгілі. Әркім өз тәсілімен, өз тәжірибесімен, бірақ ортақ тәртіпке, ережеге бағына отырып жұмыс істейді. Былтырмен салыстырғанда биыл ақаулықтар көп табылды. Ерболат Сабитаев анықтаған букстың жылжуы – аса қауіпті ақау. Ол – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жұмысында кемшілігі болмайтын мамандардың бірі. Төтенше жағдайға қарамастан қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін жұмыс жүргізудеміз. Карантин режимін сақтау мақсатында жеделхаттар, нұсқаулықтар, бұйрықтарды ватсап желісі арқылы таныстырып отырамыз. Індетті таратпау үшін қызметкерлер бірге көп шоғырланбайды. Жиналыстарды арақашықтықты сақтай отырып далада өткіземіз. Ауысым басында және аяғында қызу өлшейтін аппаратпен температура міндетті түрде өлшенеді. Ауырып қалғандар да болды. Бірақ бәрі де жазылып шықты. Жұмысты тоқтатқан жоқпыз, – дейді вагон депосының Маңғыстау ТҚКҚ бастығы Ерболат Сәулебаев. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады