Пандемия өршіген кезде жолсеріктерге рахмет

Аймақтар
23.07.2020, 21:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бетперделер мен респираторлар коронавирус пандемиясының символына айналды. Соңғы бірнеше айда індет әлем келбетін толығымен өзгертті. Миллиондаған адам үйде отыруға мәжбүр болып, медициналық маскалар мен қолғап және антисептик түрлері әлемде сұранысы жоғары, танымал тауарға айналды.

Ғимараттар, вокзалдар, вагон терезелеріне дейін медициналық бетпердемен жүру керектігі жазылған ескертпелер ілінген. Ақтөбе теміржол вокзалы қоғамдық орында жүруге арналған карантиндік талаптарды қатаң ұстап тұр.

Билет алу, перронға шығу кезінде екі метрлік қашықтық сақталып, вокзалға бет пердесіз кіргізілмейді.

Вокзал радиосы арқылы елде тараған індет, карантиндік жағдай, карантиндік талаптардың сақталуы тұрақты хабарланып отыр. Жолаушылар пойызы әр рейс сайын міндетті түрде дезинфекциядан өтеді. Ал вагондарға жолаушыларды отырғызу тәртібін арнайы мобильді топтар бақылап жүр.

«Қазір теміржол қызметін тұтынатын жолаушылардың өзі бұрынғыдай бетпердеге салақ қарамайды. Сақтық шараларына мейлінше сақ. Қорғаныш құралы жоқ жүргінші көрсе, жолаушылардың өзі маска мен жүруді талап етеді», – дейді вокзал кезекшісі Әсел Тақбаева.

Жергілікті билік тарапынан жолаушы тасымалы қызметімен айналысып отырған мекемелер мобильді топтармен бақылауға алынған. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, теміржол вокзалы, автовокзал және қалаішілік қоғамдық көліктердің дезинфекциялануы қамтамасыз етілген. Санитар мамандар рейд жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады.

«Сақтану керек. Жағдайды көріп отырмыз. Қаншама ағайынымыз қаза болды. Індетке сенбеске амал қалмады. Пойыздарда тәртіп күшейген. Дәретханалар химиямен бірнеше рет тазартылады. Жолсеріктер вагон ішінде себепсіз жүрмеуді ескертіп, қарт кісілерге ыстық суды өздері әкеліп беріп жатқанын көрдік. Вагон іші қайтақайта ылғалдап жуылып жатыр. Мынадай кезде жолаушы тасымалдау да оңай емес, жолсеріктерге рахмет», – дейді жолаушы Мәнсия Ибрашева. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады