Шаруа шаш етектен

Аймақтар
24.07.2020, 10:34
Асхат Райқұл

Жамбыл жол дистанциясының пайдалануында барлығы 901,6 км теміржол бар. Оның ішінде 684,2 км басты жолдарға жатады. Станциялық жолдардың ұзындығы 217,4 км құрайды. Әлемдік пандемиялық ахуалға байланысты қатаң карантиндік сақтық шараларды ұстанған жолшылар жұмысты тоқтатпай, жоспарлы жол жөндеумен айналысуда.

Бұл жайында Жамбыл жол дистанциясының басшысы Алтынбек Табылдиев әңгімелеп берді.

«Шаруа шаш етектен. Жаздың әр күні жылға азық деген тек дихандарға емес, бізге де қатысты айтылған сөз. Себебі, ала жаздай жол табанын сауықтыру, күрделі жөндеу, орташа жөндеу сынды жоспарлы жұмыстарды жүргізу арқылы алдағы қысқа тыңғылықты дайындық жасаймыз. Біздің аймақ үлкенді-кішілі шаруашылық, өнеркәсіп орындары қалың шоғырланған, соған орай бұралаң-бұлтарысты жолдары көп күрделі. Кірме жолдардың өзі 10 шақырымға жуықтайды.

Бағыттамалық бұрмалардың саны 702 жинақты құрайды. Қырық шақты өткеліміз тағы бар. Оның 16-сы әскерилендірілген күзет қызметінің бақылауында. Жалпы ұзындығы 3693,8 метр бо латын 149 үлкенді-кішілі көпір бар. Осы үлкен шаруашылықтың қауіпсіздігі мен күтімі біздің мойнымызда, – дейді дистанция бастығы.

Жол дистанциясының әкімшілік бөлінуіне келсек, №1 өндірістік учаскеге Жамбыл-Ақыртөбе аралығына 3506-3564 шақырымдар жатады екен. Тараз, Талас, Үшбұлақ, Ақшолақ станциялары да осы санатта. №2 өндірістік учаскеге АқыртөбеЛуговая аралығындағы 3565 3618 шақырымдар кіреді. Арада Ақыртөбе мен Малдыбай станциялары бар. Луговая-Тәтті аралығындағы 36193674 шақырымдар – Луговая, Қорағаты станциялары №3 өндірістік учаскенің еншісінде, ал №4 өндірістік учаскеге Луговая-Шу аралығындағы 3675-3737 шақырымдар кіреді екен. Бұған Тәтті мен Аспара станциялары жатады.

№5 өндірістік учаскенің құрамында ТаразҚаратау аралығындағы 1- 88 шақырымдағы Аса, Бурыл, Шайқорық, Жұма, Тамды станциялары бар.

Қаратау-Жаңатас аралығындағы 89-178 шақырымдағы №6 өндірістік учаскенің құрамына Қаратау, Ақтаутас, Бөген, Табақбұлақ, Шабақты, Жаңатас станциялары кіреді екен. Айтары жоқ, ауқымды шаруашылық.

Алтынбек Табылдиев жазғы жол жөндеу жұмыстарының жоспары мен орындау барысына тоқталды. Оның айтуынша, теміржолды шаруашылық тәсілмен күрделі жөндеу жоспары 42,164 шақырымды құрайды. Бұның ішінде Құрағаты-Тәтті станцияларының аралығындағы 3673-3679 шақырымдағы тақ жол бар.

Сонымен қатар Луговая мен Қорағаты арасындағы жұп жолға жататын 17,10 км, Ақшолақ-Ақыртөбе станциялары аралығындағы – 5,7 км, АқшолақАқыртөбе-Малдыбай аралығындағы тақ жолға кіретін 13,10 км жол бүгінгі таңда күрделі жөндеуден өту үстінде екен.

«Қазіргі әлемдік пандемиялық ахуалға байланысты біздің өңірімізде де карантиндік шаралар күшінде. Оның сақталуына әрқайсымыздың жауапты екеніміз де рас. Біз сақтық, қауіпсіздік шараларын барынша күшейте отырып, жұмыс ырғағын былтырғыдан кеміткен жоқпыз. Мәселен, рельстік тіреулерді шаруашылық тәсілмен тұтас ауыстыру үшін 27,4 км жоспарлаған едік. Сол межеден көрінуге күш салудамыз. Бұған Тәтті-Құрағаты өткеліндегі, Аспара-Тәтті, Қорағаты-Тәтті аралығындағы тіреулер кіреді», – дейді Алтынбек Табылдиев.

Сонымен қатар жолды күшейтілген-көтерме жөндеу 12 шақырымға белгіленсе, мұның 11,348 шақырымы бүгінде орындалған. Оның дені Аса-Жұма аралығында болса, бір бөлігі Жұма-Тамды аралығында.

«Биылғы жаз маусымында 2 шақырымнан астам жолдағы ескі жарамды рельстерді ауыстыруды жоспарлаған болатынбыз. Бүгінде 1 шақырымы жаңартылып үлгерді. Сол сияқты, ескі жарамды материалдардағы рельстік тіреулерді де шаруашылық тәсілмен жаппай ауыстыру бойынша 16,3 км жол жоспарланған. Қазіргі таңда Тараз, Луговая станциялары аумағындағы 6 шақырымға тарта жолдың тіреулері жаңарды», – деп атап өтті дистанция басшысы.

Айтуынша, мұнымен биылғы жөндеу жұмыстары бітпек емес. Мысалы, жоспарда 15 шақты жөндеу жиынтықтарын ауыс- тыру, 17 дана крестовиналарды ауыстыру, 6 бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, 3 ескі жарамды бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру тұрған көрінеді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады