Өндірісті өңірдің табысты тұрақты

Аймақтар
29.07.2020, 10:07
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі жылдың алғашқы жартысын табысты аяқтады. Елде жарияланған төтенше жағдай, әлемде тараған індет қаупіне қарамастан өндірісті өңірде жүк айналымы мен жүк тиеу көрсеткіштері межеге жетті.

Ақтөбе өңірі мұнай мен газға және хром, никель, титан, фосфор, мырыш, мыс, алюминий секілді кен ресурстарына бай. Облыстағы «Ақтөбе рельсарқалық зауыты», «СНПСАқтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» АҚ құрамындағы «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты», «Дөң таукен байыту комбинаты», «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» және «Ақтөберентген» АҚ сияқты алпауыт компаниялардың өнімі теміржол қатынасы арқылы алыс шетелдерге шығарылады.

Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Сонымен қатар өңірде құрылыс, металлургия, химия, ауылшаруашылық саласы да жақсы дамыған. Жоғары сұранысқа ие өнімнің барлығы шетелге Ақтөбе ЖТ бөлімшесі арқылы тасымалданып отыр. Нәтижесінде экономикалық даму тұрақты, жүк тасымалындағы табыс көлемі де жүз пайызға жетті. Атап айтқанда, эксплуатациялық тауар айналымы 6,1 пайызға артқан. Алты айдағы айналым көлемі 10 млрд 146,9 млн тонна-км құрайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға, яғни 483,5 млн тонна-км артық. Бөлімшеде жыл басынан бері 9 млн 669 мың тонна жүк жөнелтілген. Негізгі номенклатуралық жүктер бойынша өсім байқалады. Соның ішінде құрылыс материалдары 266,4 мың тонна, қара металл сынықтары 3,1 мың тонна және ұн өнімдері 34,1 мың тонна тиелген.

Нәтижесінде жүк тиеу жоспары 424,7 мың тоннаға немесе 4,6 пайызға артық орындалып тұр. Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесінің техникалық бөлім басшысы Жасұлан Рсқалиев жүк тасымалы қызметіндегі қол жеткен табыстарды баяндап берді.

«Ақтөбе ЖТ бөлімшесі Жайсаң станциясы арқылы Орал, Әйтеке би станциясы арқылы Қостанай, Сағыз станциясы арқылы Атырау, Сексеуіл станциясы арқылы Қызылорда, Тассай станциясы арқылы Маңғыстау бөлімшелерімен және Әлімбет станциясы арқылы Оңтүстік Орал теміржолымен жалғасып жатыр. Жүк тасымалы ел ішінде ғана емес, сыртқы байланыста да тоқтаған жоқ. Тасымал көлемі тұрақты», – дейді Жасұлан Рсқалиев.

Техникалық бөлім басшысының мәліметінше, алты айдағы вагон айналымы 94,5% құраған. Вагондар айналымының баяулауы жұмыс істеп тұрған вагон паркінің тәулігіне 495 вагонға артуымен байланысты. Ал вагондардың орташа тәуліктік жүрісі 20,5 км қысқарды. Алты айдағы жүк пойызының орташа салмағы 3168 тонна брутто болған. Ақтөбе және Орал өңірлері бойынша алты айдағы дизель отынының үнемделуі 724.407 тоннаны құраған.

Арнайы жүйе арқылы жанармай шығынын бақылау, энергияны оңтайлы жұмсау қамтамасыз етіледі. Бұл отын-энергетика ресурсының шығынсыз болуына тиімді. Жүк пойыздарының техникалық жылдамдығы 99,8 пайызға орындалды. Жылдамдықты шектеу туралы ескертулердің көбеюі шпалдардың ескіріп, шіруінен туындаған. Белгіленген жылдамдық пен жолдың нақты жағдайы арасындағы сәйкессіздікке байланысты шығарылған 2107 ескерту биыл жоспарлы түрде қалыпқа келтірілді. Локомотивтің орташа тәуліктік өнімділігі 37 мың тонна-км бруттоға азайып, 97,8% құрады.

Сонымен қатар, өткен 6 айда бөлімшеге қарасты телімдермен 1129 жеңіл салмақты пойыздар өткен, оның ішінде орташа салмағы 1448 тонна болатын 716 контейнерлік пойыз бар.

«Елдегі қиын жағдайға қарамастан Ақтөбе ЖТ бөлімшесі негізгі өндірістік көрсеткішті толық орындап шықты. Жүк айналымы, тиеу, жөнелту жұмыстарының көрсеткіші жоғары. Бүгінде Орта Азия аймағының экономикалық ынтымақтастығы дәлізін жалғастыратын «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолын жаңғырту жұмыстарына құрылыс материалдарын тасып жатырмыз. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан осы жұмысты қамтамасыз ету бойынша Жіңішке, Ақтөбе, Шұбарқұдық, Қарауылкелді, Ноғайты станцияларында жүк көлемі артты», – дейді Рсқалиев. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады