«Жедел жәрдем» ролін атқарады

Аймақтар
05.08.2020, 15:12
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Қалпына келтіру пойызының атқаратын міндеті – аты айтып тұрғандай, теміржол саласында апаттық жағдайлар орын алған кезде, жылжымалы құрам соқтығысқан кезде, вагондар рельстен шығып кеткен кезде, т.б. оқыс жағдайларда «жедел жәрдем» ролін атқарады. Яғни, нұсқаулық бойынша 40 минуттың ішінде толық құраммен ақау болған жерге жетіп, апаттың зардаптарын жоюға кіріседі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Шымкент магис- тральдық желі бөлімшесіне қарасты №39 қалпына келтіру пойызы әрісі Түркістан, берісі Шымкент пен Сарыағаш төңірегіндегі апаттық жағдайлардың зардабын жоюға қызмет етеді. ҚП-39, яғни осы қалпына келтіру пойызы қуатты техникалармен жабдықталған. Атап айтқанда, ірі жүк көтеретін 2 кран, ЕДК-500/1, ЕДК-300/2, біреуі 80 тонналық, біреуі 60 тонналық жүкті көтере алады. Бұдан бөлек, ХЕШ гидроқұрылғысы бар Т-330 тракторы бар.


«Біз теміржолда орын алған апатты жойып, тезірек жолды ашып, ең алдымен адамдарды құтқарып, жүктерді аман алып қалуға қызмет етеміз. Апаттың зардабын жойып, жүк пойызын да, жолаушылар пойызын да барынша жылдам мерзімде қайтадан орнына қоюға тырысамыз. Түркістан облысы бойынша №38 қалпына келтіру пойызының бірі Арыс станциясын да орналасса, екіншісі №39 – біз, Шымкентте орналасқан. Біз Сарыағаш станциясынан Арысқа дейін, Арыс станциясынан Түркістан станциясына дейін, Шымкент станциясынан Түлкібас станциясы, Арысқа қарай жүретін болсақ Қалаш станциясына дейін, күншығыс жағымыз Ленгір станциясына дейінгі аралықтағы оқиғаларға қатысамыз. Кіреберіс жол болсын, екінші деңгейдегі жолдар болсын, станция болсын апатты жағдайлар орын алса, лезде жетіп, әрекет етеміз, былайша айтқанда, темір жолдың жедел жәдемі – біз», – деп әңгімелеп берді өз жұмысын жақсы білетін, жақсы көретін, осы қалпына келтіру пойызында 12 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан аға шебер Даниер Бахтиярұлы.

Мұнда қазіргі таңда штат бойынша 18 адам бар. Ұжымның басым бөлігін жастар құрайды. Десе де, мұнда көпжылдық тәжірибесі бар майталман мамандар да еңбек етеді. Кран машинисі В.Шарапов, М.Шералиев, А.Андреев, О.Қожахмет, арнайы вагонның жолсерігі Т.Кальменова, кран машинисінің көмекшісі С.Веретельников, стропальщик А.Амантаев, бульдозер машинисі В.Рассоленко, Б.Тұрсынбаев, Б.Шинтасов, электрогаз дәнекерлеуші А.Шамирзаевтың еңбек өтілдері кемі 15-25 жылдар аралығында.

Құрметті теміржолшы Әділбек Аманқұлов басқаратын пойыз құрамы екі кранмен қоса есептегенде он вагоннан тұрады. Соның ішінде жолаушылар вагоны бар. Оның ішінде оқыс оқиға болып, жолға шыққан кезде жұмысшылар тамақ ішеді, жуынып-шайынатын бөлмесіне дейін бар.

«Әрине енді пойыз рельстен шығып кететін апатты жағдайлар күнде бола бермейді. Дегенмен, біз тәулік бойы қай уақытта ақау орын алады, сол уақытта шығып кетуіміз керек. Қалай бұйрық беріледі, 40 минут ішінде дайын болуымыз қажет. Сондықтан, тәуліктің кез келген сәтінде сақадай сай тұрамыз. Рельстен шығып кеткен вагонды көтеретін техникалық регламент бар. Кранды орнатудың да өз уақыты бар. Мәселен, осы жылдың 8 сәуірі күні Шымкент станциясында жүк артылған 2 вагон рельстен шығып кетті. Біз осы апатты қалпына келтіру үшін нормативте берілген уақыттан ерте аяқтадық. Себебі, ұжым өз жұмысын өте жылдам әрі тиянақты орындап шықты. Бұл – жылдар бойы қалыптасқан дағды мен тынымсыз жаттығудың жемісі», – дейді Даниер Махаметов.

Шымкент қалпына келтіру пойызы – ВП-39 Қорғасын станциясындағы Қорғасын зауытының жаяу жүргіншілер жүретін салмағы 40 тонна көпірді ЕДК-500/1 кранымен жөндеуге көмек көрсетіпті. Мұнда тоқсан сайын кестеге сәйкес «крандардың жұмыс бабына сай тұруы» туралы практикалық жаттығу өткізіліп тұрады екен.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады