Алты айда - 62 оқыс тежеу

Аймақтар
06.08.2020, 10:02
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Баянды ауылындағы мал ұстайтын тұрғындарды аралап, теміржол бойында мал жаймау жөнінде түсінік жұмыстары осы аптада Емір елді мекенінде жалғасты.

Ұйымдастырушылардың апта сайын ауыл-ауылды аралап, рейдтік шараны өткізуіне себеп – соңғы кездері теміржолға шығатын малдардың кесірінен тепловоздардағы шұғыл тежеулердің жиілеуі.

Бұл жолы да Маңғыстау жол дистанциясының және Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып Емірде тұратын тұрғындардың үйлерін аралап, мал ұстайтын отбасыларға теміржол бойына жайылған малдың тепловоздардың алдына шығып кетуінің алдын алуға шақырды. Соның салдарынан тепловоздардың жедел тежеу фактілері көбейіп, пойыздардың мал басу оқиғалары тіркеліп жатқанын түсіндірді. Малды темiржол бойына жайғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Жыл басынан бергі алты айда 62 оқыс тежеу тіркелген. Оның ішінде 8 мал басу дерегі. Өкінішке орай, түрлі себептермен шұғыл тежеуге соқтыратын мұндай жайттарды анықтау оңайға соқпайды. Бірақ ерте ме, кеш пе, мал иесі табылып, жауапкершілікке тартылады. Сол 62 оқыс тежеу жағдайының бүгінге дейін 12-сі ашылыпты. Төртеуінде теміржолды адам кесіп өткені үшін, қалғаны малға қатысты. Осы аталған фактілер бойынша тиісті хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолданылған.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолын ізде» дегендей, жедел тежеулердің алдын алу жұмыстары жалғаса бермек.   

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады