Міндет - кемшілікті жою

Аймақтар
07.08.2020, 11:05
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ЖТ бөлімшесі аумағында Орал өңірін қосқанда 115 станция, 4 локомотив пайдалану депосы, 2 вагон жөндеу депосы бар. Бөлімше Қостанай, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау өңірлерімен жалғасады. Аймақта қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жоспарлы түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырған ревизорлардың еңбегі зор.

«ҚТЖ» ЖТ» АҚ Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бөлім бастығы Айболат Дарбаев жыл басынан жасалған жұмыстарды қорытындылады. 2020 жылдың алғашқы алты айында бөлімшеде 5 рет қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы тіркелді. Жүргіншілердің қауіпсіздікке бейжай қарауынан қайғылы оқиғалардың орын алуы тоқтар емес.

Теміржолшылар сақтық шараларын күшейткен. Вокзал және көшедегі LED экрандар арқылы әлеуметтік ролик жасалып, жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, қауіпсіздіктің алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Нұсқаушы-ревизор құрамының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қызметтік міндеттерін орындамауы анықталса, шара қолданылады. Анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін ақаулы жолдар мен бағыттамалық бұрмалардың қозғалысы шектеледі. Норматив бойынша бөлімшеде ай сайын қауіпсіздікке қатысты жиын өтеді, теміржол бойында бейқамдықты болдырмау, қауіптің алдын алуға негізделген барлық шара жасалады», – дейді қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бөлім бастығы.

Мұнымен қоса бөлімшеде айына үш рет қауіпсіздік күні белгіленген. Биыл COVID-19 инфекциясының таралу қаупіне, адам жинауға шектеу қойылуына байланысты бірқатар шаралар өткен жоқ. «Қауіпсіздікті жіті бақылауында ұстап отырған 9 ревизор бар. Әр ревизор өз аумағына жауапты.

Одан басқа тағы локомотив шаруашылығына жауапты екі ревизор және вагон шаруашылығына жауапты бір ревизор бар. Негізгі жұмыс – кемшілікті табу емес, оны жою, болдырмау. Қауіпсіздіктің алдын алу негізінде қадағалаулар жасалып, техникалық сабақтар ұйымдастырылады.

Ай сайын қарамағындағы барлық бекетті бір аралап шығатын ревизор жұмысы пандемия жағдайында да тоқтаған жоқ», – дейді Айболат Дарбаев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады