Түбек теміржолында бірнеше адам зейнеткерлік демалысына шықты

Аймақтар
10.08.2020, 10:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ерте зейнетке шығару қағидасы бойынша түбек теміржолында бірнеше адам зейнеткерлік демалысына шықты. Оларды Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы сыйқұрметпен шығарып салды. 

Зейнетке шығып отырған ардагерлерді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов, бөлімшенің кадр бөлімі бастығы Екпін Қожахметов, Маңғыстау теміржолы кәсіподағының төрағасы Әзірбай Тұрмағамбетовтер құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өңір теміржолының өркендеуіне қосқан үлестерін тілге тиек етіп, Алғыс хаттармен марапаттады. Қазақи дәстүр бойынша иықтарына шапан жауып, естелік сыйлықтарын табыс етті. Сондай ақ, биыл 80 жасқа толған өңір теміржолының ардақты ардагері, Құрметті теміржолшы, Маңғыстау теміржолы ардагерлері ұйымының төрағасы Амандық Алдабергеновті мерейтойымен құттықтады. Ардагерге игі тілектерін білдіріп, шапан кигізді.

− Біз бүгін түбек теміржолының өркендеуіне өмірін арнап, талай жылдардан бері аянбай тер төгіп келе жатқан төрт адамды зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық. Олар – бөлімшенің шұғыл бөлімінде бас инженер Марат Ағатаев, жылжымалы құрамды пайдалану бөлімінің инженері Мақсат Исқалиев және шаруашылық бөлімінен жүргізуші Есен Сақтағанов пен ағаш шебері Жақсылық Мұханов. Бұл кісілердің әрқайсысының түбек теміржолына қосқан өзіндік үлесі ұшан-теңіз. Сондықтан олардың еңбектеріне айтарымыз тек қана алғыс, оларға мың тағзым, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің кадр бөлімі бастығы Екпін Қожахметов. Зейнеттік демалысқа кеткен сол теміржолшылардың біреуі – Бейнеу локомотив депосының алғашқы іргетасын қаласқан Марат Ағатаев. 1983 жылы Алматыдағы теміржол институтын бітіріп, өзі туған жер Бейнеудегі теміржолға инженер болып орналасқан оның Бейнеу айналым депосының қалыптасуына қосқан үлесі ұшан-теңіз екен.

− Бейнеу локомотив айналым депосының алғашқы кірпіштерін қаласып, техникалық бөлімін өзім құрғанмын. Инженерлік сызбасын өз қолыммен сызып шыққан едім. Сол депода 1988 жылға дейін жұмыс істедім. Кейін Маңғыстау локомотив депосына ауысып, шебер, аға шебер, тепловоздарды жөндеу бойынша депо бастығының орынбасары болдым. Маңғыстау жүк тасымалы филиалында арнайы бөлімді басқардым, 2016 жылдан зейнетке дейін шұғыл бөлімде жұмыс істедім. Қазір ұлым Нұрсұлтан Ағатаев Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында электромеханик болып еңбек етіп, біздің әулеттің еңбек жолын жалғауда. Барлық әріптестеріме еңбекте табыс тілеймін, – дейді М.Ағатаев. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады