Қауіп-қатер аз емес

Аймақтар
11.08.2020, 11:50

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін иесіз малдың, бейсауыт жүрген адамның жолға шығып кетіп, машинистердің жедел тежегіш қолдануы азаймай тұр.

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары жыл басынан бері қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып келсе де түрлі себептердің салдарынан телімнен өткен жылжымалы құрам машинистерінің 8 мәрте жедел тежегіш қолдануы тіркеліпті.

Бұл көрсеткіш өткен жылы 11 рет тіркеліп, сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3 жағдайға азайған десек те, жолшыларды алаңдатып отыр. – Темір жол – қауіпті аймақ.

Ол жерде бей-берекет жүруге, жол бойын жағалай мал бағуға және рельс үстіне бөгде заттар қоюға мүлдем болмайды. Бұл маңнан өткенде балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Көктемгі-күзгі егін жұмыстары, сенбілік кезінде және ауа-райы температурасының жоғары жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық-экологиялық норма талаптарын қатаң сақтау екендігін жергілікті тұрғындарға әр кездескен сайын қайталап айтудан жалықпаймыз, бірақ бірі құлақ асса, бірі құлақ аспайды, дегенмен біздің міндетіміз – қауіпсіздіктің сақтауына қатысты күресті тоқтатпаймыз, – дейді Қызылорда жол дистанциясы техникалық бөлім инженері Ахметқали Елеусінов.

Дистанцияда иесіз малдың жолға шығып кетпеуі үшін малға қарсы сым қоршауларға күнделікті жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Жергілікті әкімшілікпен, ЖІІБ өкілдерімен бірлесіп рейд, насихат жұмыстары қолға алынған. Мәселен, ЖІІ бөлімінің полиция өкілдерімен бірлесіп жыл басынан бері 67 рет рейд ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындарға теміржолдың аса қауіпті аймақ екендігін түсіндіру жұмыстары жасалыпты.

Сонымен қатар 17 күзетпелі теміржол өткелінде де 197 рет рейдтік тексеру жүргізіп, 4240 автокөлік иелеріне жол жүру, өтпеден өту ережелерімен таныстырған. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады