Байланыс жүйесі жаңарып-жаңғыруда

Аймақтар
14.08.2020, 12:09
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына байланыс саласының маңызы зор. Өңірде соңғы жылдары «Тальго» жүрдек пойызының жүруіне орай, Мақат станциясының екі шет жағынан, Жамансор, Мұқыр, Жантерек, Ескене және Теңдік станияларында қорғалатын, күзетілетін, автошлагбаумы бар барлығы 7 өткел салынған. Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы бүгінде 22 өткел жұмысын қадағалап отыр.

Пойыз келе жатқанда 1,5 шақырым бұрын басқа жолдардың бәрі жабылып, шағын станцияларда белгі беру құралдары дыбыс бере бастаса, үлкен станцияларда пойыздың келе жатқаны репродуктор арқылы хабарланады. Жолда жұмыс жасап жүрген не басқа да адамдарға пойыздың келе жатқаны туралы сигнал, яғни ескерту беріледі.

Әрине, байланыс қалыпты болу үшін қондырғылар мен құралдар, оларға қажетті қосалқы бөлшектер уақытылы жаңартылып, ауыстырылып отыруы, соның ішінде ең алдымен бағдаршамдар дұрыс жұмыс жасауы тиіс. Соған орай, Махамбет станциясында, 4, 15 бекетте бағдаршамдар жаңартылды. Сол секілді Ганюшкино, Махамбет, Исатай, Аққыстау, Тумманное, Д.Нұрпейсова, т.б. станцияразъездерде релелік шкафтар, ТШ-2000 релелері ТШ-65-ке, жерүсті кабельдері жерастына, КТСМ қондырғылары жаңасына алмастырылып, белгі беру мен байланысты жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілген. Соңғы технологияларға сай бұрынғы ПОНАБ қондырғысы жетілдірілген КТСМ-02 қондырғысымен жаңартылды. Енді жаңа жүйеге сәйкес, жол бойындағы барлық жағдай станция кезекшісінің бөлмесіндегі таблода көрсетіліп тұрады да, рельсте қатты үйкеліс болып қызып келе жатса, не басқа жағдайда белгі автоматты түрде беріліп отырады. Соған орай, аймақтағы белгі беру-байланыс дистанциялары пойыздар кідірісін болдырмай, темір жол қауіпсіздігін қатаң сақтауда жүйелі жұмыс жасап келеді. 2020 жылдың бірінші жартыжылығында Ақжайық, Атырау, Құлсары дистанциялары СЦБ байланыс, КТСМ және радио қондырғыларға техникалық қызмет көрсету бойынша «жақсы» деп бағаланып, жұмыста ақау болмаған.

– 2020 жылдың құрылғыларды күтіп ұстау негізінде жасақталған кешенді жоспары бойынша өткен 6 ай ішінде 69 электржетек ағымдық жөндеуден өтіп, ауыстырылды. Атап айтқанда, ШЧ-8 Атырау дистанциясында 18 дана, ШЧ-9 Ақжайық дистанциясында 20 дана, ШЧ-11 Құлсары дистанциясында 31 дана электржетек жаңасына алмастырылды. Қазіргі таңда дистанцияларда құрылғыларды күтіп ұстау, ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, аралықтардағы автобұғаттау желісі еңістерінің монтаж сымдары, жол жәшіктері мен стрелка қорапшалары, релелік және батарея шкафтары, аккумуляторлар, магистральды желі кабельдері де ауыстырылуда. Ал, вагон дөңгелектерінің қызуын бақылайтын КТСМ құрылғылары кесте бойынша жылына 2 рет профилактикалық тексеруден өтіп тұрады. Жоғарыда айтқанымыздай, бағдаршамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы орны ерекше. Соған сәйкес, қазіргі уақытта бағдаршамдардың көрінімін жақсарту мақсатында Атырау-Мақат-Сағыз, Атырау-Д.Нұрпейсова бекеттері аралығы мен станцияларда жарық диодты линзалық шам жинақтарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, маятникті трансмиттерлі аспаптар жаңадан модернизацияланған түйіспесіз аспаптарға ауыстырылуда. Бұдан соң байланыс тіптен жақсара түсетіні анық, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жәнібек Жөнтұрбаев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады