Байланыстың бабын жасап

Аймақтар
18.08.2020, 13:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының Белкөл станциясындағы өндірістік қосынының теміржолшылары жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосып отырғандарына сенімді.

Олар дистанция басшысы Әкімжан Қосанов бекіткен жоспарлы жүктемелерін орындай жүріп күнделікті атқаратын өндірістік жұмыстары барысында байланыс құрылғыларының жұмыстан тыс қалмауына мән беріп, олардың технологиялық талапқа сай ағымдық жөндеу, бабына келтіріп баптау, күтім жасалуына да айрықша назар аударады. Байланыс құрылғыларының дистанция телімдеріне орналастырылуы қатаң технологиялық тәртіптегі жүйемен жүргізілгендіктен олардың жөндеу жұмыстары кезіндегі жайы, ағымдық күтім барысындағы жағдайы да сол әуел бастағы формада болуы тиіс.

Өзгеріс енгізілген жағдайда арнайы жорналда тіркеледі. Негізінен о бастағы қалып негізінде сақталуы ерекше мәнге ие.

Себебі күтім не тексеріс кезінде технологиялық сызбаға сүйеніп жасалынатын сервистік жұмыстар құрылғылардың ақаусыз жұмыс жасауына негіз болып саналады. Сондықтан олардың әуелгі қалпында тұруы маңызды, соған орай оларға көрсетілетін күтім сапасы да түрленуі мүмкін, мәселен, бір тізбекке жөндеу қажет болса, келесісі ағымдық күтім уақытына қарай көзден өткізілсе, енді біріне бақылап тексеру жұмыстарын жасау мерзімі келгендіктен соған сәйкес жұмыстар атқарылады. Ең бастысы, кез келген сәтте байланыс бабында болу керек. 

Белкөл станциясына келгенімізде қосын басшысы Еркін Оңалов КИП электромеханигі Қуаныш Жоламановпен бірге құрылғылардың жиынтық сызба тізбегін тексеріп бақылау жасауда екен. Бұл жерде рельс тізбектері жүйесінің, бағдаршамдардың және сигналды релелердің жиынтық жүйесі орналастырылған. Арнайы тексеру құрылғыларымен жүйенің өн бойындағы және бекітпе нүктелерін бақылап жатқан мамандар жұмыстарының басты мақсаты пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға негізделгенін, соған орай құрылғылар желісінің тексеруден өткізілуде екенін түсіндірді.

– Бұл жерде станциядағы және осы телімдегі байланыс құрылғыларының бәрінің жұмысы сызба негізінде бекітілген. Оларға техникалық қызмет жасап, ұдайы тексеруден өткізу – басты мақсатымыз. Мәселен, бекеттің басты жолдарындағы шығыс сигналдары, бағдаршамдар – қозғалысты ұйымдастырудағы негізгі құрал. Ал бағдаршам жарығы жылжымалы құрамдардың жүріс бағытын үйлестірудегі негізгі құрал саналады. Технологиялық талап бойынша бағдаршам жарығының түсі бір құрамға 3-6 секунд аралығында жанып тұруы шарт, егер белгіленген мөлшерден аз жанса пойыздардың қозғалысына кедергі келтіруі ықтимал. Осындай болуы мүмкін ықтималдылықтарды болдырмас үшін дәл қазір біздер сигналды релелердің баяулатқышын тексеруден өткізудеміз, – деді қолындағы құралдарымен әр тетікті мұқият бақылап жүрген КИП маманы Қуаныш Жоламанов. 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды