50 шақырым жолға қоршау орнатпақ

Аймақтар
21.08.2020, 11:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі темір жол бойына малдың шығып кетуінің алдын алу мақсатында биыл 50 шақырым жолға қоршау орнатпақ. Бүгінгі күні бұл жұмыстың 29 шақырымы аяқталған.

Қазіргі уақытта Алға, Бестамақ, Қорайлы, Қызғалдақты станцияларының аумағында темір жол бойына қоршау орнату жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жұмыстар теміржолшылардың өз күштерімен жасалуда. Сым тарту үшін жарамсыз болып қалған ағаш шпалдар жол бойына қағылып қойылған.

Теміржолшылардың қоршаулар орнатуды арттыруы иесіз малдың жол бойына шығып кетіп, пойыз қозғалысына қауіп төндіру фактісінің ұлғайып кетуінен болып отыр.

«Жол бойына қоршаулар орнатуға қатысты белгілі жоспар жоқ. Десек те, қауіпсіздік үшін жылда мұндай жұмыстар қолға алынады. Бүгінде 29 шақырымға қада қағылып, сым тартылды. Күзге дейін 50 шақырымға жеткіземіз», – дейді магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

Жол шеберлері жергілікті елді мекендердің басшылары мен фермерлік шаруашылықтарға хабарласып, теміржол маңына малдың жайылу тәртібін тұрақты қадағалап отыруын талап етуде.

«Бұрын адамдар теміржолдан қорқып, жол бойына малдың шығып кетпеуін қадағалап отыратын. Қазір, керісінше, жол бойына шығып кететін бейсауыт адам мен малдан біз қорқып, қорғанып отырамыз. Жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тек жөндеу жұмыстарын ғана емес, тазалықты да қадағалаймыз. Өткелге тұрғындар көп қоқыс тастайды. Оны да теміржолшылар тазартады», – дейді Ақтөбе жол дистанциясының оныншы айналым жол шебері Нұрлан Жұматаев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады