Дала өртінен қауіп аз емес

Аймақтар
25.08.2020, 10:39
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мекемесі аумағында шілде айының өзінде төрт өрт оқиғасы тіркелді. Төртеуінде де далалық өрт теміржолға қауіп төндіріп, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Әйтеке би аумағындағы қызыл жалын өрт сөндіру пойыздарының қатысуымен сөндірілді.

Өрт сөндірушілер жергілікті аудан және ауылдық округ әкімдеріне ауа райының аптап ыстық күндерінде өрт шығу қаупі жоғары құрғақ шөптерге сақ болуды ескертіп-ақ келеді. Бірақ, өрт қауіп төндірмей тұрмайды. Сол өңірде тіркелген далалық өрттердің барлығы теміржолшылар күшімен сөндірілді. Өрт оқиғасы кезінде белгіленген нұсқаулар бойынша тез қимылдау керек.

Қауіпсіздік жұмыстары теміржол мекемелерінен де талап етіледі. Жол жөндеу, екпе ағаштарын қорғау дистанциялары өртке қарсы жер жырту жұмыстарын уақытында жүргізуі тиіс. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мемлекеттік емес өртке қарсы мекемесінде алты айда профилактикалық жұмыстар үшін 873 тексеріс өткен.

Оның ішінде стационарлық нысандар бойынша – 102, жылжымалы құрамалардан 771 кемшілік табылған. Нәтижесінде стационарлық нысандардың мекеме басшыларына 21, тоқтан ажыратуға қатысты 7, арнайы жылжымалы құрамдарға 2, жолаушылар вагондарына 3 және локомотив жұмыстарына қатысты 23 ескерту берілді.

Биыл елімізде наурыз айынан бастап төтенше жағдайдың жариялануына және одан кейін карантин уақыттары белгіленуіне байланысты теміржол мекемелерінің өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары шектелді. Сонымен қатар жоспарлы өрт-тактикалық жаттығу жұмыстары да уақытша тоқтатылды.

«Төтенше жағдайлар туындағанда барлық өрт сөндіру бөлімдері бекітілген ортақ нұсқаулықтар бойынша әрекет жасады. Бізде 102 маман бар. Шұғыл жағдайда бәрі жауынгерлік сапқа тұруға міндетті. Жауынгерлік есеп өрт сөндіру пойызының бастығына тікелей байланысты. Біріншіден, бағыт-бағдар, тапсырма берілу, екіншіден, байланыс диспетчеріне ақпараттық хабарлама уақытында жеткізу керек. Қандыағаш өрт сөндіру пойызының бастығы Б.Жанұзақов, Шұбарқұдық өрт сөндіру пойызының бастығы Н.Түленов сынды тәжірибелі мамандар жұмысы ерекше атап өтуге тұрарлық. Өртті сөндіру бірінші міндет болса, екінші міндет оқиғаның себебін анықтап, талдау болып табылады. Ондай жұмыстар тәжірибесі мол инспектор А.Есбулаевқа және аға инспектор Б.Сүйіншалинге тапсырылады», – дейді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты өрт сөндіру қызметі теміржол бойында ғана емес, қалада тіркелген өрт оқиғаларының да басынан табылып жүр. Тамыз айының басында Локомотив көшесі 12 «А» мекенжайындағы сегіз пәтерлі үйде тіркелген өрт оқиғасы кезінде қалалық өрт сөндіру қызметі теміржолшылар көмегіне жүгінді. Тұрғын үйдегі қызыл жалын өрт сөндіру пойызының көмегімен ауыздықталған болатын.

Өңірдегі өртке қарсы қызмет басшысының айтуынша, өрт сөндіру пойызының құрамалары ескі, қызмет ету мерзімі өткен. Жыл басынан бері осындай мерзімі өткен құрамаларды Шымкент, Екібастұз қалаларында орналасқан вагон жөндеу мекемелеріне жіберіліп, қызмет мерзімі 5 жылға ұзартылыпты.

«Қазіргі қиын жағдайда тығырықтан шығу жолы Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет және қалпына келтіру пойыздары департаментінің көмегімен шешілуде. Вагондарымызды уақытылы жөндеуге жіберіп, қаһарлы қыс түскенше сақадай сай болуға міндеттіміз», – дейді Әділ Құбаев.

Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі ұжымы – өрттің алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүргізу, өрт оқиғасы орын алса, дер кезінде ауыздықтауға қатысты шеберлігімен танылған мекеме. Тоқсандық қорытынды кезінде мекеменің бірінші үштіктен көрінуі соған дәлел. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады