Вокзалдағы қонақ үйлер ашылды

Аймақтар
28.08.2020, 13:03
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Елде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты санитар мамандар бірқатар мекемелердің жұмысын қайта жалғастыруына рұқсат берді. Олардың қатарында теміржол вокзалындағы қонақ үйлер де бар.

Енді вокзалдағы қонақ үйлер, арнайы демалыс бөлмелері санитарлық талаптарды қатаң сақтап, жолаушыларды қабылдай алады. Ақтөбе теміржол вокзалындағы 15 демалыс бөлмесі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кешеден бері жұмыс істеуді бастады. Жеңілдетілген карантинмен вокзал ішіндегі қонақ үйлердің жұмыс жасауына рұқсат берілген.

«Елдегі төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, індеттің таралу қаупін болдырмау үшін вокзал ішіндегі қонақ үй мен асхана жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Қазір ауру көрсеткішінің төмендеуіне байланысты жұмыс қайта жалғасты. Сыйымдылықты 50 пайыздан асырмай жұмыс істейді. Барлық жерге антисептиктер қойылды», – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев.

Сонымен қатар, Ақтөбе теміржол вокзалының қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілген қызметкерлердің бәрі толық жұмысқа қосылды. Әртүрлі қызметтегі вокзалдың 75 жұмысшысы қазір қысқа дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Вокзал қызметкерлері бетпердемен жүру тәртібін сақтап, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні өңірде кесте бойынша №57-58 «Орал – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол», №613-614 «Ақтөбе – Орал», «Орал – Ақтөбе» және №69-91 «Ақтөбе – Шалқар» бағытындағы пойыздар жүріп тұр. Барлық сақтық шаралары сақталған.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады